Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан «Атамекен»
Надежный партнер бизнеса

Рус

Бизнес құқықтары Прокуратураның қорғауында. Палата мен Прокуратура Алматыда бірлесіп жұмыс істейді.

20 Июня 2025
- г. Алматы
171 просмотров

Қолайлы бизнес ортасын құру және әкімшілік кедергілерді жою - Мемлекет басшысы белгілеген маңызды міндеттердің бірі. Алматыда бұл мақсаттар Аумақтық кәсіпкерлер палатасы мен қала прокуратурасының тығыз ынтымақтастығы арқылы жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Бірлескен күш-жігер нақты нәтижелер беруде: 2024 жылы 14 748 кәсіпкердің құқықтары 4,6 млрд теңге көлемінде қорғалды. 2025 жылдың өткен мерзімінде тағы 2162 кәсіпкердің құқықтары қорғалып, 151 млн теңге қайтарылды. 41 заңсыз нұсқау жойылып, 68 лауазымды тұлға жауапқа тартылды. Мысал ретінде, білім және денсаулық сақтау басқармаларындағы сатып алуларды тексеру нәтижесінде жүйелі бұзушылықтарды анықталды. Кәсіпкерлерге мемлекеттік сатып алу келісімшарттарының орындалуын қамтамасыз ету мерзімімен қайтарылмайтындығын көрсетті. Палата мен Прокуратураның араласуының нәтижесінде 1000-нан астам кәсіпкердің 17 миллион теңгеге құқықтары қорғалды, 67 уәкілетті қызметкерлер жауапқа тартылды. Тағы бір мысал - Президенттің нақты ұстанымына қарамастан Алматы қаласының Мемлекеттік кірістер басқармасы кәсіпкерлерден заңсыз (форма-270) есеп талап еткен. Палатаға жүгінгеннен кейін, Прокуратура заңсыз салықтық хабарламаларды жойды. 1000-нан астам кәсіпкердің құқықтары қорғалды. Аумақтық кәсіпкерлер палатасы және қала Прокуратурасы кәсіпкерлерді шынайы қорғауға бағытталған жұмыстарды жүргізуде, кәсіпкерлер құқықтары мен мүдделерін білдіруге әрдайым дайын.


Подписывайтесь на наш Telegram канал и оставайтесь в курсе последних новостей.

Похожие новости:

Дочерние организации

Партнеры