«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

REX жүйесі (Швейцария мен Норвегияға экспорттаушылар үшін)

 REX жүйесі деген не?

Еуропалық одақтың 2015 жылғы 24 қарашадағы № 2015/2447 регламентіне сәйкес Еуропалық Одақ, Швейцария және Норвегия бірігіп, Преференцияларының бас жүйесі шеңберінде Еуропалық Одақтың экспорттаушылар жүйесін (REX жүйесі) енгізді.

2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Еуропалық одақтың GSP артықшылықтарын қолданушылардың тізіне жатпайды және Норвегиямен Швейцарияға өнім экспорттағанда ғана артықшылықтарды (кедендік әкелім бажын төмендету) ала алады.

2021 жылдың мамырынан бастап Швейцария мен Норвегияға өнім экспорттағанда артықшылықтарды алу үшін тауарлардың шығу түбі туралы «А» үлгісіндегі сертификаттар қабылданбайды.

Ол мақсаттар үшін шот-фактурада немесе кез келген коммерциялық құжатта тауардың шығу түбі туралы жеке өтініш беруге  REX (Registered exporters system) жүйесінде тіркеу нөмірін алу керек. 

Құны 6 000 еуроға дейінгі тауарларды экспорттауда артықшықлықтарды алу үшін REX (Registered exporters system) жүйесінде тіркелуді талап етпейді және тауардың шығарылғаны туралы мағлұмдамамен растауына болады (тауардың шығарылғаны туралы өтініш, шот-фактурада немесе басқа да кез келген коммерциялық құжатта жасалған).

Еуропалық одақ елдеріне тауар экспорттаушылар үшін аталған жүйее тіркелу талап етілмейді.

REX жүйесінде тіркелу процедурасы

ҚР «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» заңымен «Атамекен» ҰКП экспорттаушыларды REX жүйесіне тіркеу құзыреті берілген.

REX жүйесіне тіркелу тәртібі Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылы 31 наурыздағы №24-НҚ бұйрығымен анықталған (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100022437).

Экспорттаушының тіркелген нөмірін (REX-нөмірін) алу үшін қажеттісі:

14 облыс, республикалық мәні бар қалалар және астанадағы Өңірлік кәсіпкерлер палатасына жүгіну керек;

2) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылы 31 наурыздағы №24-НҚ бұйрығына 1-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша тіркеу нөмірін алуға өтініш және ҚР Индуриялық даму министрінің 2014 жылы 8 шілдедегі №257 бұйрығымен бекітілген Тізімге (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1400009665#z8) сәйкес құжаттардың көшірмесін беру керек.

Тіркеу мерзімі – құжаттардың толық пакетімен тіргеу өтінішті тіркеген күннен кейінгі 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей жасалуы тиіс.

REX жүесіндегі тіркеу бір рет жасалып, шектеусіз мерзімге жүреді және REX-нөмірін алған соң инвойсте экспорттаушы ретінде көрсетіледі, тауардың әр партиясы үшін сертификат алу талап етілмейді.

Серіктестер