«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Өңірлік Кеңестің мақсат-мүдделері

Өңірлік кеңестің мақсаттары мен міндеттері

Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесі 2013 жылғы 28 қазанда экономиканың  кәсіпкерлік секторын шоғырландыру, өсіру және даму мақсатында құрылды. Бақылау органы құрамына бизнес-қауымдастық өкілдері және экономиканың түрлі секторынан өңірлік кәсіпорындарының жетекшілері кіреді. Өңірлік Кеңестің төрағасы – «Олимп» клиникалық-диагностикалық зертханалар желісінің бас директоры Сүлейменов Ерлан Мелсұлы.

Өңірлік кеңестің негізгі міндеттері:

  • олардың қызметіне қолдау көрсету мақсатында қала аумағында қызмет ететін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және олардың бірлестіктерінің топтастыру;
  • жергілікті басқару органдары мен бизнес-қауымдастықтардың инвестициялық саясатын келісуге жәрдемдесу;
  • мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу:
  • инвестициялық ахуалды және өңірде кәсіпкерліктің одан әрі өсуін жетілдіру;
  • бизнестің барлық аспектілері бойынша кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін жағдай жасау – қаржы институттарының мүмкіндіктерін ескере отырып әкімшілік кедергілерді төмендетуден бастап қаржыландыру мәселелерін шешуге дейін.

Өңірлік Кеңес мемлекеттік билік органдарымен, үкіметтік емес, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл кезінде өңірлік палата дирекциясына жәрдемдеседі; басқару органдары қабылданған бағдарламалық құжаттарды іске асыруға жәрдемдеседі; «Атамекен» ҚР ҰКП съезіне делегаттарды сайлайды; өңірлік палаталар мен өңірлік палаталардың филиалдарының қызметі шеңберінде Ұлттық палатаның міндеттері мен мақсаттарына қол жеткізудің орындалу барысын

бақылайды; өңірлік палаталардың ағымдағы қызметіндегі экономиканың нақты салалары мен секторларының мүдделерінің ескерілуін қамтамасыз етеді; Ұлттық палата қызметінің тиімділігін арттыру бойынша съезге ұсыныстар енгізеді; кәсіпкерлік мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізеді; өңірлік палатаның жарғысына сәйкес өңірлік кеңеске жүктелген өзге де мәселелерді шешеді.

Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің жұмысы барысында:

  • кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды
  • Астана қаласы әкімінің және «Атамекен»ҚР ҰКП Президиумының төрағасының қатысуымен кәсіпкерлердің 2 конференциясы өткізілді
  • ресурстық-технологиялық орталығы ашылды
  • «Start UP» ШОБ 2 форумы өткізілді
  • Іскер әйелдер кеңесі құрылды

Сондай-ақ, Өңірлік кеңес мүшелері кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау  бойынша кеңес отырыстарына және елордалық палатаның сыртқы экономикалық қызметтің іс-шараларына белсене қатысады.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер