«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Берген ас адал болсын! Саяхатшылар қауіпсіздігі бақылауда

2024 жылғы 20 Маусым
- Алматы қаласы
6430 просмотров

Дереккөз: vecher.kz

Жаз мезгілінде Алматы қаласындағы «Сайран» халықаралық автобекет, «Алматы-1» және «Алматы-2» теміржол вокзалдары мен әуежай арқылы күнделікті 45 мыңға жуық жолаушы өтеді. Қауіпсіздік шараларының ішінде тамақтан уланудың алдын алу ерекше маңызға ие. Бұл тақырыпта Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП мамандары, кәсіпкерлер мен көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімшесінің қызметкерлері бірлескен «дөңгелек үстел» басында әңгіме өрбіді.

«Дөңгелек үстел» өткен «Алматы 2» теміржол вокзалы маңындағы қоғамдық тамақтану мекемелерінің негізгі желісін 10-ға жуық компания қамтамасыз етеді. Олардың барлығы қызмет көрсету нарығында бірнеше жыл бойы істеп, жолаушылардың астан уланған бір де бір жағдайын естімегенін айтуда.  Дегенмен, мамандардың кеңестерін мұқият тыңдап, жұмыстарын қажетті талапқа сай орындауға барын салады. 

Осындай кездесулер кезінде мемлекеттік органдардың өкілдері кәсіпкерлерге заңды және заңнама актілердегі жаңалықтарды түсіндіреді. Мәселен, Алматы бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының өкілдері кәсіпкерлерге  жұмыс тәртәбәне қойылатын жаңартылған талаптар мен ережелері, санитарлық-эпидемиологиялық талаптар, өндірістік бақылау, медициналық бақылаудан өту тәртібі сынды тақырыптарда ақпарат берді.

«Дөңгелек үстел» жұмысына қатысқан Алматы қаласының ӨКП-сы адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Жанар Төребекова кәсіпкерлер өз қызметі барысында әрқашан Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасының көмегіне сене алатынын атап өтті. ӨКП кәсіпкерлерге заңгерлердің кеңесі, заң талаптары бойынша түсіндіру, салықтарды тапсыру, бухгалтерлік есептер жүргізу және т.б. сияқты қызметтерді ұдайы, әрі ақысыз көрсетуде екендігін айтты. Ол үшін «Атамекен» өңірлік палатасының мамандары онлайн форматта, телефон арқылы, немесе офис ішінде де тыңдап, жәрдемдесуге дайын. Себебі, басты міндет – саяхатшылардың тамақтан уланудың алдын алып, саятына бұлыңғыр келтірмеу. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер