«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қызылордада Кәсіпкерлер күні мерекесінде бизнес өкілдері марапатталды

2025 жылғы 30 Қазан
- Қызылорда облысы
221 просмотров

Мемлекет басшысының жарлығымен биыл алғаш рет 29 қазан Қазақстан кәсіпкерлері күні ретінде бекітілді. Мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті қолдау – экономикалық өсудің, инновация мен бәсекеге қабілеттіліктің басты тетігі екенін Президент ерекше атап өткен болатын.

Кәсіпкерлер күні – өз ісін ашып, ел игілігіне қызмет етіп жүрген іскер жандардың еңбегін дәріптейтін маңызды мереке. Осы орайда, бүгін Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында бірқатар кәсіпкер марапат төрінен көрінді.

Мерекелік марапатты Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңес төрағасы Ерлан Раимов пен палата директоры П.Сыздық жүргізді.

«Кәсіпкерлік – тәуекел мен табандылықтың мектебі. Сіздер сол жолда еліміздің экономикасын ілгерілетіп, өңірдің дамуына серпін беріп отырсыздар. Әрбір жетістік – қажырлы еңбектің жемісі. Барша кәсіпкерлерді кәсіби мерекемен құттықтай отырып, жаңа биіктер мен табыстар тілеймін!»-деді Е.Раимов өзінің құттықтау сөзінде

Іс-шара аясында «Алтын сапа – 2025» президенттік сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық конкурс-көрмесінің қатысушылары Атамекен ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Р.Баталовтың Алғыс хатымен және белсенді жұмыс жасағаны үшін Әйелдер кәсіпкерлігі салааралық кеңес мүшелері Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры П.Сыздықтың Алғыс хатымен марапатталды.

Сонымен бірге, Атамекен ҚР ҰКП-ның ІІІ дәрежелі «Адал еңбегі үшін» медалімен «NP Consulting» ЖШС директоры Ғалым Прекешов наградталды.

 «Қазақстанның үздік тауары» республикалық конкурс-көрмесінің қатысушылары: «Марал-Нұр» ЖШС, «Асыл дән LTD» ЖШС, «Таң LTD» ЖШС, «Агрохимсервис-С» ЖШС,  «Компания Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС, «OrdaGlass Ltd» ЖШС, «ALBARAKAT DISTRIBUTION» ЖШС,  «Панабек» ЖШС, «Арт-Групп Сервис» ЖШС, «Сыр жиһазы KZ» ЖШС.

Әйелдер кәсіпкерлігі салааралық кеңес мүшелері:

ЖК «Юсупова», ЖК  «Тәтті әлем», «Мейірім» түзету - дамыту орталығы»  ЖШС, ЖК «Жаппасбаева», ЖК «Ai.Patsha», ЖК «Сейтжаппарова»,  «Baiken» комплексі, ЖК «Джунусова»,  «Озат» оқу орталығы,  ЖК «Прекеева» «Керім сұлу» қыз жасауы.

Барша марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз!


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174