«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Елордада бизнес нысандардың маңдайша жазуына қатысты мәселе тағы көтерілді

2024 жылғы 14 Мамыр
- Астана қаласы
5286 просмотров

 Астаналық кәсіпкерлер мемлекеттік мекеме тарапынан маңдайша жазу мәжбүрлеп алып тастау салдарынан шығынға батып жатқанын айтты. Оған қоса клиенттер сыртқы маңдайшасы жоқ бизнес нысандарды таппай әлек.

 Астана қаласының кәсіпкерлер палатасында палата директоры Қанат Алиннің төрағалығымен «Сауда және қызметтер» салалық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде – астананың дизайн-кодын енгізу шеңберінде маңдайша жазуды заңсыз алып тастау, сонымен қатар елордалық бизнес объектілерінің сыртқы жарнамасын әзірлеу және келісу сұрақтары көтерілді.

 Қанат Алин кеңес жұмысын бастап, бұл мәселелер жақында әкім орынбасары Евгений Глотовпен өткен кездесуде талқыланғанын айтты. Кездесу қорытындысы бойынша туындаған мәселелерді шешу жөнінде одан әрі жұмыс істеу туралы хаттамалық тапсырма жасалған болатын.  

 Кәсіпкерлердің пікірінше, қазіргі кезде маңдайша жазу, сыртқы жарнаманы алып тастауды регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілер жоқ.

 «Қазіргі кезде «маңдайша жазу» ұғымын екі заң ғана реттейді. Атап айтқанда, Жарнама туралы заң және Тілдер туралы заң. Демек, маңдайша жазу қалай жасалауы тиіс, қалай ілінуі керек, оның техникалық сипаттамасы қандай болуы керек деген нақты қағидалар жоқ. Алайда қазір мемлекеттік орган «Астана-жарнама» КММ тарапынан маңдайша жазу негізсіз, күштеп алып тастау науқаны жүріп жатыр. Олар маңдайшаларды алып тастап, өзгертуді талап етіп жатыр. Кәсіпкердің сұрағына нақты жауап бермейді, ештеңені түсіндірмейді. Қандай НҚА бар десе, мемлекеттік мекеме өкілдері жауап бере алмайды. Өйткені тиісті НҚА қабылданбаған», – деп «KORGAN» заңгерлік компаниясы» ЖШС талап-арыз жұмысы бағытының басшысы Марат Әлибаев.

Кәсіпкерлер маңдайша жазуды демонтаждау процедурасының өзі бәрін тас-талқанын шығарып, жүзеге асырылатынын атап өтті. Дегенмен бұл материалдар кәсіпкерлердің меншігінің бөлігі саналады.  Қаражатқа жасалған белгі. Сондықтан кәсіпкерлер үлкен қаржылық шығынға  ұшырап жатыр.

Нақты мысал:  «Medhouse Kazakhstan» ЖШС бас директоры, Өңірлік кеңестің мүшесі, ӨКП «Денсаулық сақтау» салалық кеңесінің мүшесі Самат Исабаев оның бизнес нысандарында маңдайша жазу мәжбүрмен алынып тасталды. Соның салдарынан кәсіпкер тікелей шығынға ұшырап қана қоймай, кейіннен көптеген клиент мекеменің орналасқан жерін таба алмай қалған. Содан кәсіпкер компаниясында медициналық өнімдерді сату деңгейінің төмендеп кеткен.  Бір жыл ішінде кәсіпкердің шығыны орта есеппен 5 млн теңгеге дейін барған.

 «Дельта Стом» тіс емдеу клиникалар желісінің өкілі Зарина Ақылбекова да бизнес нысанда маңдайша жазу алынып тасталған соң табыс 50 пайызға қысқарғанын растады.

 Жиында «Астана-Жарнама» КММ директоры Асылбек Сабырқұлов маңдайша жазу – жарнама емес, небәрі навигациялық белгі екенін, алып тастаудан қатты залал болмайтынын айтты.

 «Менің пікірімше, маңдайша жазу – бұл нысанға кіреберісті, есікті анықтап беретін жай ғана навигациялық белгі. Ал табысыңыз төмендесе, демек жарнамалық элементтерді қолдана білу керек. Жарнама туралы заңның 11-бабына сәйкес онда жарнаманы келісу алгоритмі жазылған. Жарнама жағынан сізге ешкім кедергі жасамайды. Оның үстіне сәулет басқармасы 99% жағдайда жарнамалық хабарламалар бойынша оң қорытынды береді. Егер сіз сатылымды көтергіңіз келсе жарнама үшін салық төлеңіз және жарнамалық элементтерді орналастырыңыз», – деді Асылбек Сабырқұлов.

Спикердің айтуынша, қала тұрғындарының жүргізіліп жатқан жұмысты қабылдауы бойынша оң динамика бар, жалпы тұрғындар «Астана-жарнамның» іс-әрекетін қолдап отыр.

«Көпшіліктің мүддесі деген ұғым бар, соны қаперде ұстау керек», – деді КММ өкілі.   

 Марат Сабырқұловтың мәліметінше, былтыр жарнаманы және маңдайшаларды реттеу бөлігінде жергілікті атқарушы органның қызметінің көмегімен сыртқы көрнекі жарнаманы орналастыру есебінен жергілікті бюджетке салық түсімі 45%-ға ұлғайды.

Алайда, кәсіпкерлерге бұл дәлелдер жеткіліксіз болып көрінді. Мәселені шешу үшін балама шешім ретінде олар бизнестен жаппай талап-арыздарды болдырмау үшін маңдайшаларды орналастыруға қатысты нақты регламент әзірленгенге дейін демонтажға мораторий енгізуді ұсынды.

«Кәсіпкерлерден талап-арыздар болған жағдайда Палата үшінші тұлға ретінде процеске тікелей қатысады және кәсіпкерлерге қажетті құқықтық көмек көрсетеді», – деп атап өтті Астана қаласы кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Жеңіс Шажанбаев.

 Маман Палатаның маңдайшаларды бөлшектеуге қатысты позициясын айтты.

 «Біздің пікірімізше, «Астана-жарнама» әрекеті заңсыз. Неге? Өйткені олар басқа уәкілетті органдардың құзыретіндегі бақылау-қадағалау функцияны орындап жатыр. Бұл жағдайда мұндай орган – сәулет басқармасы. Мемлекет пен кәсіпкердің барлық қатынасы Кәсіпкерлік кодекспен реттеледі және кәсіпкерге қатысты барлық бақылау-қадағалау функция Кәсіпкерлік кодекспен де реттеледі. 152-бапқа сәйкес «Астана-жарнамның» іс-әрекеттерінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру белгілері бар деп санаймыз», – деді Жеңіс Шажанбаев.

 Отырыс қорытындысы бойынша Астана дизайн-кодын енгізу мәселелері бойынша жұмысты жандандыру үшін барлық мүдделі тарап өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер