Елорда кәсіпкерлері «коммерциялық кондоминиум» институтын құруды ұсынуда
Нұр-Сұлтанда көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде орналасқан коммерциялық жылжымайтын мүлік иелері үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кооперативi және МИБ жұмысына наразы. Олар тұрғын үй және коммерциялық үй-жайларды басқаруды бөлу арқылы тұрғын үй қатынастары жүйесін реформалауды ұсынады.
Нұр-сұлтан қаласының Кәсіпкерлер палатасында Ирак Елекеевтің төрағалығымен Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Талқылау тақырыбы – елорда кәсіпкерлерінің бірлескен меншіктегі кондоминиум объектілерін басқару кезіндегі үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кооперативi және МИБ іс-әрекеттеріне шағымдары болды.
Көппәтерлі тұрғын үй кешендеріне (КТК) кіріктіріліп салынған үй-жайлардың (КҮЖ) иелері көбінесе олар үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кооперативi және МИБ тарапынан негізсіз талаптардың кепіліне айналатындығын, олар кәсіпкерлердің қызметіне жиі араласатындығын, бұл жанжалды жағдайларға алып келетіндігін атап өтті.
«Қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер тұрғындар мен кәсіпкерлер арасындағы күрделі өзара қарым-қатынастардың қалыптасқан сипатын толық көлемде көрсете алмайды. Мысалы: тұрғындардың басқармасы КТК ауласына кіруге шлагбаум орнату туралы шешім қабылдады, сонымен қатар үй маңындағы аумақта тұраққа кедергі келтіретін шлагбаум орнатылды. Бұл ретте екінші шлагбаум олар үшін және олардың клиенттері үшін кедергі жасайды деген КҮЖ меншік иелерінің қарсылығы назарға алынбады. Тағы бір мысал, бізге кәсіпкерден үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кооперативiнің төрағасына шағым түсті. Хаттан үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кооперативiнің төрағасы кәсіпкерден қызмет түрін ауыстыруды негізсіз талап еткені айтылды», – деді Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Куанышбек Мұқаш.
Сонымен қатар, КҮЖ иелері тарифтердің көтерілуіне КТК жөндеу және қызмет көрсету үшін мақсатты емес алымдарға шағымдануда, олар туралы шешім МИБ басқармасы олардың пікірін ескерместен қабылданады. Бұл ретте, әдетте, осы тарифтер мен алымдардың сомасы КҮЖ йелері үшін КТК тұрғындары үшін ұқсас сомадан бірнеше есе асып түседі. Көптеген жағдайларда МИБ басқармаларында кіріктіріле салынған үй-жайлардың иелері ұсынылмайды, осылайша кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау мүмкіндігінен айырылады.
«Бизнес-орталықтарда коммерциялық жылжымайтын мүліктің меншік иелері болып табылатын кәсіпкерлер де осындай проблемалармен бетпе-бет келеді. Қолданыстағы заңнама бизнес-орталықтардағы кеңсе үй-жайларының иелері арасындағы қарым-қатынасты жеткілікті дәрежеде реттемейді. Кәсіпкерлердің пікірінше, осы салада айқын және нақты ережелердің болмауы бизнестің дамуына кедергі келтіреді және көптеген сот дауларына, соның салдарынан шығындарға әкеледі. Инвестициялық тартымдылық төмендейді, объектілердің өтімділігі түседі, бұл өз кезегінде несие беру кезінде объектінің кепілдік құнын төмендетеді», – деп атап өтті Қуанышбек Мұқаш.
Бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге "QAZPROPERTY" басқарушылары мен сервистік компанияларының қауымдастығы коммерциялық жылжымайтын мүлік саласын реформалау және дамыту жөніндегі тұжырымдаманы әзірледі, ол «Коммерциялық кондоминиум» институтын құруды көздейді. Отырыс барысында Тұжырымдаманы Қауымдастық төрағасы Қайрат Кәкенов таныстырды.
«Бұл позиция Мемлекет басшысының кәсіпкерлерді қорғау механизмдерін жетілдіру бойынша шаралар кешенін әзірлеу жөніндегі тапсырмасымен сәйкес келеді деп ойлаймыз. Біз осы саладағы қордаланған проблемаларды шешуге бағытталған бірлескен күш-жігеріміз қала құрылысы саласы мен тұрғын үй қатынастарын дамытуға оң әсер ететініне, талқыланатын мәселелер кәсіпкерлік субъектілерінің кең ауқымының мүдделерін қозғайтын болғандықтан, оның инвестициялық тартымдылығын арттыратынына сенімдіміз», – деп қорытындылады Қуанышбек Мұқаш.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: