«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

5 млн теңгеге дейін грантты қалай алуға болады?

2021 жылғы 09 Маусым
- Астана қаласы
265546 просмотров

Елордалық кәсіпкерлерге «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында биыл 2-ден 5 млн теңгеге дейін грант алу байқауы қалай өтетіні түсіндірілді.

Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасы Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасымен бірлесіп «БЖК–2025» бағдарламасы бойынша гранттар алуға арналған байқауға қатысу шарттарын түсіндіру бойынша әлеуметтік желіде тікелей эфир өткізді, оған Палата директорының орынбасары Бейсен Жолболдиев және Нұр-Сұлтан Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының бас маманы Айжан Нұрматова қатысты.

Айжан Нұрматова биыл инновациялық бизнес-жобаларды гранттық қаржыландыруға 345 млн теңге бөлінгенін айтты.

«Биыл байқауға қатысуға өтінімдер qoldau.kz порталы арқылы ғана онлайн қабылданады. Порталға жеке кәсіпкерлік немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ЭЦҚ арқылы кіруге болады. Өтініммен бірге барлық құжаттар PDF форматында қоса берілуі тиіс. Грант алуға Үкіметтің қаулысымен бекітілген экономиканың басым секторларындағы шағын бизнес өкілдері үміткер бола алады. (Экономиканың басым секторларының тізбесімен мына ілтемеден танысуға болады:  https://adilet.zan.kz/rus/docs/P1900000968). Грант алудың міндетті шарты – бизнес-идеяның жаңалылдығы (инновациялылық) және жаңа жұмыс орындарын құру мүмкіндігі», – деді Айжан Нұрматова.

 Өтінім беру кезінде үміткерлер «Бастау Бизнес» немесе «Бизнес-мектеп» курстарын өткенін растайтын мерзімі екі жылдан аспаған сертификатты; сәйкес бизнес-жоспарды; мемлекеттік грант сомасынан 10 пайыздан кем емес тең қаржыландыру мүмкіндігін растайтын құжаттарды табыстауы керек. Қалған құжаттар тізбеге сәйкес сұралады.

 «Әлеуметтік осал топтарға жататын үміткерлер жеке қаржыландыру және бизнес-идеяның жаңашылдығы бойынша талаптар қойылмайды», – дейді Айжан Нұрматова.

Грант қаражатын негізгі қаражатты алу тауар немесе қызмет көрсетуге қажетті шикізат және материалды сатып алу; материалдық емес активтер мен технологиялар, кешенді кәсіпкерлік лицензияға құқықтарды алуға (франчайзинг); зерттеулерге және/немесе жаңа технологияларды енгізуге байланысты шығындарды өтеуге жұмсауға болады.

 Грант қаражаты екі траншпен бөлінеді. Екінші транш бірінші транш толығымен игерілген соң беріледі. Байқау өткізуді және өтінім қабылдаудың нақты мерзімдері туралы жекелей хабарлаймыз», – деп атап өтті Айжан Нұрматова.

Нұр-Сұлтан ӨКП директоры Алмат Жүнісов Өңірлік палата шағын бизнеске байқауға қатысуға дайындықта көмектесуге дайын екенін атап өтті. Директордың ақпараты бойынша 2020 жылы 5 млн теңгеге дейінгі грантты жалпы сомасы 250 млн теңгеге 57 кәсіпкер алған.

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер