«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Ashyq» – нысанның қауіпсіздігі мен беделі

2021 жылғы 05 Ақпан
- Астана қаласы
7219 просмотров

Елордада пилоттық жобаға қатысып жатқан фитнес залдың басшылығы осындай пікірде

 «Space Fitness» фитнес орталығының атқарушы директоры Иван Смирнов «Ashyq» қосымшасын қолдану нысанның беделін арттырады деген ойда, өйткені қосымшаны енгізу нысанның клиентке бағдарлануын және келушілердің денсаулығына қамқорлықпен қарауын білдіреді.

 «Қосымша бизнеске не береді? Бірінші кезекте, ол персонал және келушілердің қауіпсіздігін арттырады, екіншіден, клуб беделін жоғарылатады, өйткені клуб мүшелерінің денсаулығы бізге маңызды. Қосымшаны пайдалана отырып, біз спортпен айналысуды қауіпсіз етеміз. «Ashyq» арқылы адамның індетке қатысты статусын анықтаймыз. Егер, мәселен адамда тексеру кезінде қызыл түс жанса, онда ол біздің клубта жаттыға алмайды. Ол клубтан шыққан соң қосымша санитарлық зарарсыздандыру жүргізіледі», – деп атап өтті атқарушы директор.

Сонымен қатар, қосымшаны пайдалану фитнес-орталық пен бағдарламаға қатысатын басқа мекемелерге шектеу шараларына қарамастан және тіпті құлыпта жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

«Бұл бизнеске жобалық қуатына жақын көлемде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Карантиндік шаралар нәтижесінде шағын және орта бизнестің көптеген субъектісі зардап шеккен,  қазіргі кезде жұмыс істей алу өте маңызды. Егер бизнес жұмыс істейтін болса, сәйкесінше бюджетке түсетін түсімдер және басқа да міндетті төлемдер болады», – дейді Нұр-Сұлтан  қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қуанышбек Мұқаш.

Пандемия басталғаннан бері 13 мыңнан астам бизнес ұйымдар өз қызметін әлі жалғастыра алмайды деп атап өтті спикер.

 Айта кетелік, «Ashyq» мобильді қосымшасы QR-кодты қолдану және ПТР-базасымен интеграция арқылы келушінің статусын: ол вирус жұқтырған ба жоқ па анықтауға мүмкіндік береді.

 QR-код бизнес субъектілеріне ғана беріледі. Нысанға келушілер мобильді телефондарына «Ashyq» қосымшасын жүктеп, қосымшадан тіркеуден өтіп, ЖСН-ді теріп нысанның QR-кодын сканерлеуі керек. QR-кодты нысаннан шыға берісте де сканерлеу жөн.

 Егер нысанға келген клиенттің смартфоны болмаған немесе қосымшаны жүктеуде қиындықтар туындаған жағдайда нысандағы жауапты қызметкер қосымшадағы арнайы тетік арқылы келушіні оның ЖСН дерегі арқылы тіркей алады.

 «Осы ретте нысан қызметкерлері клиенттің статусы: жасыл, көк, сары немесе қызыл түстерді ғана көреді, клиент туралы басқа деректер көрсетілмейді», – деп атап өтті Қуанышбек Мұқаш.

 Қазіргі кезде жоба пилоттық режимде іске асырылып жатқандықтан нысанға келуші қосымшаны пайдаланудан бас тартуға құқылы.

 «Барлығы ерікті жүргізіледі. Келешекте жоба бас санитарлық дәрігер қаулысы деңгейінде қабылданатын болса, онда клиент «Ashyq» қолдануға міндеттеледі», – дейді ӨКП өкілі.

 Осы ретте фитнес орталықтың атқарушы директоры пилоттық жобаның іске асырылуынан бері «Ashyq» қосымшасын тұрақты клиенттердің 90 пайызы жүктеп алғанын хабарлады.

 «Тұтастай алғанда келушілер жаңашылдыққа оң қарайды. Біз түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз, бұл шара вирусты алдын алу екенін айтамыз, өзара түсіністік бар», – деді ол.

 Нұр-Сұлтан ӨКП директоры Алмат Жүнісов «Ashyq» қосымшасы ҚР Цифрлық даму министрлігі және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырысымен отандық ІТ-компания әзірлегенін еске салды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер