«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіпкерлер палатасы ШОБ субъектілеріне жүргізілген сауалнама қорытындысын жасады

2020 жылғы 07 Сәуір
- Астана қаласы
6215 просмотров

Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасы ШОБ субъектілері арасында  жүргізген сауалнама төтенше жағдай нәтижесінде елордада 1791 адам жұмыссыз қалғанын көрсетті

Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорынң орынбасары Айболат Есентеміров елде төтенше жағдай жарияланғаннан бастап бизнес көптеген мәселеге тап болғанын айтты. Кейбір кәсіпорындар қызметкерлер штатын қықсартуға мәжбүр, басқалары – карантин уақытында қызметтерін уақытша тоқтатқан. Сауалнамаға мына сілтеме арқылы қатысуға болады.

 «Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласы ӨКП қолдау шараларын әзірлеу және төтенше жағдайлар кезінде компания қызметкерлерінің жағдайын түсіну мақсатында ШОБ субъектілері арасында онлайн сауалнама жүргізеді. 23 наурыздан бастап сауалнамаға 1031 ұйым (14 223 жұмыскер) қатысты, соның ішінде 6 – ірі бизнес өкілі, 21 – орта, 194 – шағын және 810 – микробизнес өкілі. Сауалнама нәтижесінде 6 763 жұмыскер немесе 48%-ы – еңбекақыны сақтамай, мерзімсіз демалысқа жіберілгені анықталды. 1791 адам немесе 13%-ы жұмыстан қысқарған», – деп хабарлады Айболат Есентеміров.

 Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері төтенше жағдайға байланысты 1 ең төменгі айлық еңбекақы мөлшері көлемінде әлеуметтік жәрдемақы бөлу туралы жұмыс берушілер мен қызметкерлердің өтініштерін қарау жөніндегі штабқа кірді.

 «Қазіргі таңда әлеуметтік жәрдемақы алуға жұмыс берушілерден 7 286 өтініш келді, олардың қарамағында 19768 жұмыскер бар. Олар мерзімсіз демалысқа жіберілген, 14160 құжат өңдеуде. Штаб қорытындылары Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына жіберілді: жұмыс берушілер саны бойынша – 1336, жұмыскерлер саны бойынша – 5608, әлеуметтік жәрдемақы 2153 өтініш берушіге төленді. Проактивті форматта тағы 1521 адамға төленді. Палата қызметкерлері әлеуметтік көмекті алуға қатысты күн сайын кәсіпкерлерге онлайн кеңес береді», – деді Айболат Есентеміров.

 Еске салсақ, Нұр-Сұлтанда Елордалық Платада жаңынан кәсіпкерлерге көмек көрсетудің жедел штабы жұмыс істейді. Колл-орталық: 1432 немесе 87774267621.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер