«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» компаниялар тобы блок-бекеттерді автомобильдермен қамтамасыз етті

2020 жылғы 30 Наурыз
- Астана қаласы
6612 просмотров

Нұр-Сұлтан қаласында өскемендік «БИПЭК АВТО - АЗИЯ АВТО» компаниясы коронавирус инфекциясымен күресу мақсатында қала маңындағы блок-бекеттерді қамту үшін елорда әкімдігіне ресми түрде  15 автокөлікті табыстады

 Автокөліктерді табыстау процедурасында «БИПЭК АВТО» компаниясы филиалының директоры Бақыт Сәтпаев және Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Алмат Жүнісов болды.

 Осыған дейін «БИПЭК АВТО» АҚ бас директоры Ерік Сағымбаев хабарлағандай, компания көліктермен бірге жүргізушілерді ұсынып, Қаақстанда төтенше жағдай кезеңінде көліктерге жөндеу жұмыстарын жүргізетін болады.

  «Lada Granta» маркасында 12 автокөлік және «Lada 4х4» маркасында 3 автокөлік блок-бекеттердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін болады. Бірлесіп, пандемияны тезірек жеңеміз деп үміттенеміз», – деді Бақыт Сәтпаев.

 Компания барлығы 30 автокөлік бөлді: 15 – Нұр-Сұлтан қаласына, 10 – Алматы қаласына және 5 көлікті – Шығыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау  басқармасына берілді.

 «Осынау қиын кезеңде ел ауқымында бизнесмендер әлеуметтік жауапкершілікті білдіріп, коронавируспен күресте үлес қосып жатқанына қуанып отырмыз», – деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласы ӨКП директоры Алмат Жүнісов.

 Айта кетелік, Палатаның жедел штабы елорда маңындағы блок-бекеттерде кезекшілік пен  әкімдік жанындағы   жедел штабтағы кезекшілікті қоса алғанда тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Палата штабы карантинге байланысты орын алған мәселелерді шешуге, сондай-ақ үкімет деңгейінде шешімдерді қорыту үшін мәселелерді біріктіріп жатыр. Кәсіпкерлерге арналған бірыңғай  сall-орталық 1432 немесе   8 778 870 1432.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер