«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«ASTAUfest – 2019» фестивалі үздік аспазды анықтайды

2019 жылғы 09 Қазан
- Астана қаласы
6154 просмотров

«ASTAUfest–2019» гостраномиялық фестивалі алғаш рет Нұр-Сұлтарн қаласында өтіп жатыр. Іс-шара шеңберінде кәсіпқой аспаздар және студенттер арасында байқау ұйымдастырылады

 Фестивальға Қазақстан, Ресей, Қырғызстанның орта-арнайы оқу орындарының делегациялары, сонымен қатар ҚР Білім және ғылым министрлігінің елорда бойынша білім беру басқармасы, Кәсіпкерлер палатасы, «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ, Нұр-Сұлтанның аспасздар гильдиясы, Корей ұлттық мәдени орталығы аспаздары гильдиясынң өкілдері қатысты.

ҚР Білім және ғылым министрлігі Серіктестік және халықаралық жобалар басқарамасының жетекшісі Рауза Шырғатаева және Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Бағила Бисембаева қатысушылар алдында алғысөз сөйлеп, сәттілік тіледі.

 Бағила Бисембаева аталған фестиваль тәжірибе алмасу, қонақжайлылық индустриясын дамытудағы келешекті перспективаларды анықтау, кәсіби шеберлікті жетілдіру, тамақтану мәдениетін жоғарылату, ең бастысы ұлттық дәстүрлерді ілгерілетуге көмектеседі деп атап өтті.

«Қазіргі таңда кәсіпорындармен бірге оқу мен практика тығыз байланысқан дуальді білім беру саласында алға қарай үлкен қадам жасалды. Бизнес өкілдері колледждермен белсенді жұмыс істеуде, кәсіби техникалық білім беруді дамыту және мамандықтар мәртебесін ілгерілету үшін түрлі іс-шараларды өткізуге белсенді қатысады. Бүгенде сіздердің әрқайсыларыңызды гастрономия саласының үздік өкілдері деп айтуға болады. Фестиваль қатысушыларына жаңа идеялар мен жеңістерді тілеймін!», – деді Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы.

 Гострономиялық форумның арнайы қонағы Корей тамақтану институтының инструктор-оқытушысы Hwang Kim болды.

 Форум шеңберінде аспаз-студенттер және кәсіби мамандар арасында байқау өтеді. Байқау «АРТ-класс», «Шеф-кондитер», «Студенттің түскі асы», «Шеф-аспаз-2019», «Сервис класс» аталымдары бойынша өтеді. Сонымен қатар қазақ асханасының ұмыт болған рецептілері, корей көше тағамдары, аспаздық эстафета тақырыптарында шеберлік сабақтар өткізіледі.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер