«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Менің Атамекенім»: алматылық кәсіпкер аз қамтылған отбасыға көмектесті

2019 жылғы 21 Мамыр
- Алматы қаласы
3908 просмотров

Алматылық кәсіпкер Гүлсім Андасова «Менің Атамекенім» қайырымдылық акциясы аясында мұқтаж жандарға қолдау көрсетті

Гүлсім Андасова – «NUCHI» сұлулық салонының иесі. Бұл қиын тұрмыстық жағдайғда қалған жандарға бірнеше рет көмек көрсетіп, қол ұшын созған. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қайырымдылық акциясы туралы естігенде, ол тағы да шетте қалып қоймай: atamekenim.kz сайтына кіріп, алматылық көмекке мұқтаж отбасын таңдап, көмек көрсетуге өтініш қалдырған.

«Мен үнемі айналамдағыларға қолымнан келгенше өз көмегімді көрсеткім келеді. Қайырымдылықпен айналасып жүргеніме бір жылдан аса уақыт болды. Осы аралықта көптеген жағдайы төмен отбасыларды,  аурушаң балаларды көп көрдім. Кейбіреулерімен жеке кездестім, ал кейде мұндай кісілерді әлеуметтік желілерден іздегенмін. Кімкене көмегімді бере отырып, қоғамға өз үлесімді қосқым келеді. Өз көмегін өзгелерге ұсыну – адамгершіліктін белгісі», – дейді Гүлсім Андасова.

Бұл жолы Түркістан облысының тумасы Әсем Күзбаеваға көмек қажет болды. Жас ана екі кішкентай баламен қалған. Асемнің өз баспанасы жоқ, ол жалға алынған кішкентай үйде тұрады.  Қызға жалға алынған үй, коммуналдық қызметтерге төлем жасау және күн сайынғы азық-түлікті алу қиынға соғып отыр. Бұл қамқорлықты кәсіпкер Гүлсім Андасова өз мойнына алды.

«Мен Сарыағаш қаласында дүниеге келгенмін. Алматыға жақын арада ғана келдік. Жұбайым қазіргі уақытта абақтыда отыр. Үлкен ұлым 8 жаста, ол №43 мектепте оқиды. Қызым 5 айлық. Қазіргі уақытта жұмысқа орналасуға мүмкіндігім жоқ, себебі балалармен үйде отырмын. Босанғанға дейін дүкендерге есепші болып жұмыс істедім. Пәтердің айлық төлем ақысы 25 мың теңге тұрады, алайда соңғы 2 айды төлемедім», - деп айтты Әсем Күзбаева.

 

Кәсіпкер Гүлсім Андасова жалғыз басты ананың қаражатқа деген мұқтаждығына көз жеткізіп, батыл шешімдерді қабылдады. Ол жайлы пәтерді, бала-бақшаны іздестірумен және онын төлем ақысын төлеп, отбасыға көмектесуге дайын екенін айтты.

 «Мен 6 ай уақытқа пәтердің ақысын төлеуге және Асемді жұмысқа орналастыруға дайынмын. Мүмкін, мен келіншекті сұлулық салоныма орналастырамын», – деп айтты кәсіпкер.

Естеріңізге сала кетсек, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы республикалық деңгейде ауқымды жоба – әлеуметтік жауапкершілікті арттыратын «Менің Атамекенім» қайырымдылық акциясын бастаған болатын. Акция ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыруға және қайырымдылық мәдениетін жүйелі дамыту мен әлеуметтік жауапкершілікке бағытталған. «Менің Атамекенімнің» миссиясы – мұқтаждарға көмектесу, меценаттардың игі істері туралы айту, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін насихаттау.

Естеріңізге сала кетейік, «Менің Атамекенім» жобасы жүйелі және атаулы әлеуметтік мәселелерді анықтауға бағытталған. Енді өмірде қиын жағдайға тап болған кез келген адам «Менің Атамекенім» порталына кіріп, өз мәселесі туралы айтып бере алады. Сайтта «Маған көмек қажет» батырмасы бар, оны басқан кезде сауалнама нысаны бар терезе пайда болады. Оны жүктеу, басып шығару және толтыру қажет. Толтырылған сауалнаманы сканерлеп, сайтқа жүктеу керек. Мұқтаж адамдарға көмек көрсеткісі келетіндер үшін «Көмек бергім келеді» батырмасы қарастырылған. «Менің Атамекенім» платформасының арқасында азаматтар қиын жағдайға тап болған адамдар туралы біле алады. Өтінімдерді, сондай-ақ,  whatsapp-қа +7 776 333 77 66 нөмірі арқылы жіберуге болады


Еншілес ұйымдар

Серіктестер