«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Елордада Бухгалтерлер клубының кезекті отырысы өтті

2019 жылғы 03 Мамыр
- Астана қаласы
2919 просмотров

Бухгалтерлік және салықтық есептеу, сонымен қатар зейнетақы заңнамасына қатысты өзекті мәселелер Нұр-Сұлтан қаласы Бухгалтерлер клубының кезекті отырысында талқыланды

 «Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Бухгалтерлер клубы салық заңнамасы және бухгалтерлік есепті жүргізудің анағұрлым өзекті мәселелерін түсіндіру арқылы бухгалтерлердің кәсібилігін арттыру мақсатында құрылған болатын», – деді Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Алмат Жүнісов.

 Қазақстанның зейнетақы жүйесі қалай жұмыс істейтіні жайында «Бірыңғай жинақтық зейнетақы қоры» АҚ жетекші маманы Әлия Тасмағамбетова егжей-тегжейлі ақпарат берді.

 Оның айтуынша, қазіргі таңда елдегі заманауи зейнетақылық жүйе үш деңгейден тұрады, онда бірінші деңгей – базалық және ортақ зейнетақыны мемлекет қамтамасыз етеді, екінші деңгей – 10%-дық міндетті зе       йнетақы жарнасы және міндетті кәсіби зейнетақы жарнасы БЖЗҚ салымшыларының табыстарынан құралады, үшінші деңгей ерікті зейнетақы жарнасынан қамтамасыз етіледі.

 «2020 жылдан бастап жұмыскер табысының 5%-ы, бірақ жұмыс берушінің қаражатынан алынатын жарнаның тағы бір түрі енгізілмек. Осылайша шығындардың осы тұсын алдын ала есептеп, қаперде ұстау керек», – дейді Әлия Тасмағамбетова.

 Осы жинақты зейнетақылық жасқа жеткен уақытта, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 5 жылдан кем емес болса, сонымен қатар мерзімсіз бекітілген мүгедектіктің І және ІІ дәрежесінде  қолдануға болады. Осы жинақтың зейнетақылық төлемнің мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтілінен және қайта бөлудің қосымша сомаларына байланысты болады.

 «АудБух» ЖШС директоры Гүлжан Әбілова кәсіпорындарда есеп саясатын және салықтық есептілік саясатын жүргізу туралы айтты. Маман бухгалтерлерге есептер жоспарын бекіту, өзін сақтандыру мақсатында жыл сайын қол қою құқығына ие тұлғалар тізімін құру және уақтылы оны өзекті ету, сондай-ақ, есептік саясатқа қосымша ретінде құжат айналымы кестесін құруға кеңес берді.

 Өз кезегінде «DOSTUPNOYE PRAVO» қауымдастығының төрағасы Рүстем Қаби В2В кәсіпорындарында дебиторлық қарыздарды басқару туралы ақпарат берді.

 «Елорда бухгалтерлерін клубқа қатысуға шақырамыз. Клуб жиыны тұрақты негізде жүреді, қарым-қатынас орнату мақсатында whatsapp-чат құрылған. Қатысу үшін Республика даңғылы 24, «Парасат» БО мекенжайында орналасқан Кәсіпкерлер палатасына өтінім жасау керек немесе 91-90-88 (Зарина Ахметова) нөміріне хабарласу керек», – деді Нұр-Сұлтан қаласы ӨКП директорының орынбасары Данияр Сыдықов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер