«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» ерікті өзін-өзі басқару ұйым субъектілерін тексеруден босатуды ұсынады

2019 жылғы 07 Наурыз
- Астана қаласы
2936 просмотров

«Атамекен» ҰКП алаңында ерікті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттейтін ұйым субъектілерін тексеру мәселелеріне қатысты жиын өтті

 Іс-шараға ҚР Энергетика министрлігі, ҚР Экономика министрлігі, ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті, қауымдастықтардың өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты.

«KazWaste» қалдықтарды басқару бойынша қазақстандық қауымдастығының өтінім жасауы осы жиынды өткізуге негіз болды. Өйткені ҚР Энергетика министрлігі профилактикалық  бақылау тізіміне өзін-өзі реттейтін ұйым субъектілерін қосып қойған.   

Ал Кәсіпкерлік кодекс және ҚР «Өзін-өзі реттеу туралы» Заңы мемлекеттік органдарға тәуекелдерді бағалау критерийлерінде өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесі болып табылатын субъектіге бару арқылы алдын-ала бақылаудан босатуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, алайда аталған талап Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молайту және пайдалану саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында ескерілмеген (ҚР Ұлтты экономика министрі мнідетін атқарушының 2015 ж 30 желтоқсандағы №835 және ҚР Экономика министрінің 2015 15 желтоқсандағы №721 бірлескен бұйрығы).

Жиын барысында қолданыстағы Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молайту және пайдалану саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына Мемлекеттік органдардың бағалау жүйесін қалыптастыру ережелерімен сәйкес өзгертулер енгізу, Өлшемшарттарда, өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесі болып табылатын ұйымға бару арқылы профилактикалық бақылаудан босату мүмкіндігін беру мақсатында «ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымға мүше болу» атты жұмсарту индикаторын қарастыру ұсынылды.

 Бұл ұсыныс ҚР Энергетика министрлігіне жолданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер