«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнес құқығын қорғаудағы тиімді институт

2016 жылғы 10 Маусым
- Астана қаласы
6543 просмотров

Астаналық Кәсіпкерлер палатасы үш жылдық жұмысын қорытындылады

Осыған байланысты өткен баспасөз мәслихатында елордалық Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғани Тасмағанбетов бизнесті қолдау, кәсіпкерлер құқығын қорғау және адам капиталын дамыту бойынша жеткен жетістіктерге тоқталды.

«Осы уақыт ішінде Палата бизнестің 700-ден астам проблемалық мәселесін қарап, әр мәселе кәсіпкерлер мүддесіне қарай шешілді. Келіп түскен шағымдардың көп бөлігі салықтық органдар, мемлекеттік органдар және квазимемлекеттік сектордың сатып алулар, сәулет және жер қатынастары, сонымен бірге кәсіпкерлік субъектілері арасындағы шаруашылық дауларға қатысты әрекеттеріне қатысты», – деп хабарлады Ғани Тасмағанбетов.

Ұйым өз қызметі барысында бизнесмендер құқығын 3 млрд теңгеге қорғап қалған. 

«Бұдан басқа, Палата сарапшылары үш жыл ішінде 100-ден астам әкімшілік кедергілерді анықтады. Олардың көп бөлігі жер қатынастары мен құрылыс саласындағы жергілікті деңгейдегі мәселелер. Палата елдімекендердегі бірыңғай құрылыс ережелерінің жоқтығы, Астана көшелері мен саябақтарындағы сауда орындар саны мен сатылатын өнімдер түрінің шектеулі болуы, «ҚР астанасының дәрежесі туралы» ҚР заңымен қарастырылған Астанадағы сыртқы (визуалды) жарнама орналастырудың тәртібі мен шарттары туралы Ержелердің жоқтығы секілді әкімшілік кедергілерді шешті. Бүгінгі таңда www.saulet.astana.kz сайтында интерактивті карта түрінде орналастырылған бос жер телімдері туралы ақпаратқа еркін қолжетімділіктің жоқ. Аталған картада қолданыстағы кесілген жерлер, тіркелген жер телімдері, қала аудандарының толық жоспарлау жобалары туралы ақпарат берілген бас жоспар сызбасы орналасқан», – деп хабарлады құқықтық мәселелер жөніндегі директордың орынбасары Бауыржан Бейсенов.

«Бизнесті қолдау мақсатында Палата жанында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (КҚКО) жұмыс жасайды, онда кәсіпкерліктің барлық субъектілеріне бухгалтерия, менеджмент, мемлекеттік сатыпалулар, сапа менеджменті стандарттары салаларында, сонымен бірге кедендік және ІТ-қызметтер, оның ішінде сайттар жасау бойынша тегін кеңес беру қызметтері көрсетіледі. Заңнама мен бизнесті жүргізу негіздері жөніндегі білім деңгейін арттыру мақсатында «Бизнес-мектеп» жобасы бойынша тегін оқыту жүзеге асырылуда», – деді директордың экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Алмат Жүнісов.

Жұмыс берушілердің кадрларға деген сұранысын қанағаттандыру үшін Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының дуальды оқытуға қатысуы аясында осы жүйе бойынша 2016 жылға арналған 17 колледжбен, 27 кәсіпорынмен және қала әкімдігінің білім беру басқармасымен 1141 студентті 19 мамандық бойынша оқыту бойынша 4 жақты шарттарға қол қойылған.

Қорытындылай келе, Ғани Тасмағанбетов Кәсіпкерлер палатасы үш жыл ішінде Астана бизнесінің құқығын қорғау саласындағы тиімді институтқа айналғанына сенімін білдірді.


Ұқсас жаңалықтар:

Бизнес үшін оңтайлы орта құру қажет
14 Маусым
2016
Шығыс Қазақстан облысы
Бизнеске тың серпін қажет
14 Маусым
2016
Маңғыстау облысы
Бүгінгі студент – ертеңгі шебер
13 Маусым
2016
Ақмола облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер