«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнеске тың серпін қажет

2016 жылғы 14 Маусым
- Маңғыстау облысы
12022 просмотров

Маңғыстау облысын бұдан ары экономикалық тұрғыда дамыту үшін шетелдік капитал тартудың маңызы зор

Мұндай пікірді Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының басшылығы палата жұмысын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихаты барысында білдірді.

Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Олжас Қаржауовтың айтуынша, әкімдік өзінің инвесторларға қызмет көрсету орталығы қызметін толығымен облыс әкімдігімен бірлесе отырып, өңірлік кәсіпкерлер палатасының жанынан құрылған «Маңғыстау» кәсіпкерлерге қызмет көрсету» ЖШС-ның инвесторлармен жұмыс жөніндегі бөліміне берген. Мұнда тағы талдау және оқыту бөлімі (АӨК саласында) және консалтинг пен жобаларды сүйемелдеу бөлімі жұмыс істейді.

«Талдау және оқыту бөлімі үш бағытта жұмыс істейді: кәсіпкерлерге түйе шаруашылығы негіздерін оқыту (айта кетерлігі, Қазақстандағы барлық түйе басының 40%-дан астамы Маңғыстау облысына шоғырландырылған), жылыжай шаруашылығын оқыту, балық шаруашылығын оқыту. Консалтинг және жобаларды сүйемелдеу бөліміне тоқталар болсақ, кәсіпкерлердің бизнес-жоспарларын басынан бастап соңына дейін сүйемелдей аламыз, яғни банктен шот ашудан бастап, рұқсат құжаттарын рәсімдеуге дейін. Мұндай сүйемелдеуге қол жекізу үшін кәсіпкер небәрі «КҚО» ЖШС менеджерінің атына сенімхат беруі қажет», – деп түсіндірді О.Қаржауов.

Ол, сонымен қатар, бизнеске қаржылай емес қолдау көрсету бойынша жақсы нәтижелерді атап өтті. Сонымен, осы қызмет іске қосылған соңғы 11 айда Палатаға 6 000-нан астам арыз келіп түскен, 1 300-ден астам адам кәсіпкерлік негіздері бойынша оқытылса, 110 жобаға жалпы сомасы 317 миллион теңге болатын қолдау танытылды. Соған қарамастан, қаржылай емес қолдауды қажет ететін арыздар саны артуда.

Ауыл кәсіпкерлеріне шағын несие беру

Спикердің пікірінше, теңгенің негізгі әлемдік валюталарға қатысты әлсіздігіне орай, кәсіпорындарымыз белгілі бір қиындықтарға тап болып тұр. Бұл әсіресе, ауылды жерлерде байқалады, соған байланысты ауылда бизнесті дамытуға қатысты түйіткілдер бар. Бұл мәселені шешу үшін Палата облыс әкімдігімен бірлесе отырып, «Атамекен» шағын несие беру ұйымы» ЖШС-сын құрды. Шағын несие облыс аудандарында және Жаңаөзен қаласында тіркеліп, жұмыс істейтін шағын несие субъектілеріне беріледі. Шағын несиенің ең аз мөлшері – 15 млн теңге. Несиелендіру мерзімдері: өсімдік шаруашылығы бойынша – 12 айға дейін, мал шаруашылығы, өндіріс, қайта өңдеу, қызмет көрсету және т.б. бойынша – 36 айға дейін.

«Назарларыңызды несие бойынша төменгі пайызға аударғым келеді. Игерілген шағын несие сомасынан жылына 4%. Оден бөлек, шағын несиелердің тұтыну, алдыңғы несиені жабу, қарыз берешегін қайта қаржыландыру, тұрғын үй, жер телімдерін сатып алу және сауда ісімен айналысу мақсаттарына берілмейтіндігін ескеру қажет», – деді Олжас Қаржауов.

Бюджеттік туризмді жандандыру

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры міндетін атқарушы Ақтауда ең төмені күнкөріс деңгейінің жоғары екенін атап өтті. Ал бұл туризмді дамыту мүмкіндіктеріне тікелей ықпал етеді. Көп жұлдызды сәнді мейманханалардың аспандап тұрған бағасын тұрмысы орта отандық және шетелдік туристердің қалтасы көтере бермейді. Бүкіл әлемде туристік саланың «толтырылуын» орта санаттағы адамдар қамтамасыз ететіні белгілі.

«Мәселен, Алматы облысы мен көршілес жатқан Қырғызстанда ішкі туристердің ғана емес, Ресейден келетін туристер саны артып келе жатқаны байқалады. Бұл қонақ үйлер мен туристік қызмет көрсету түрлерінің салыстырмалы түрде арзандығына байланысты. Сондықтан облыс әкімдігімен бірлесе отырып, Палата бюджеттік туризмді дамыту үшін туристік парк жобасын әзірлеуді бастады», – деп атап өтті О.Қаржауов.

Кеңсе мәселесі

2014 жылдың соңында облыс әкімдігі Палатаға  жалпы аумағы 3700 шаршы метр, ал іргелес аумағы  0,6 га болатын ғимарат бөліп берді, деп мәлімдеді Олжас Қаржауов. Онда кәсіпкерлерге арналған коворкинг-орталық құрылады. Ол орталықта кез келген бизнесмен жұмыс орны мен отандық тауар өндірушілерге арналған көрме залын тегін пайдалана алады. Оған қоса, облыс әкімдігі оны жөндеу жұмыстары мен жабдықтауға 40 млн теңге бөледі деп күтілуде.

О.Қаржауовтың айтуынша, Жаңаөзен қаласының әкімдігі Палатаның қалалық филиалына аумағы 2150 шаршы метр болатын ғимарат бөлсе, Мұнайлы ауданының әкімдігі аумағы 2000 шаршы метр, іргелес аумағы 1,0 га болатын ғимарат бөлген. Бейнеу, Түпқараған және Қарақия аудандық әкімдіктері де Кәсіпкерлер палатасының филиалдарына арнап аумағы шағындау ғимараттар бөліп берген. Жақын арада Маңғыстау ауданы Кәсіпкерлер палатасы филиалына ғимарат бөлу жоспарлануда.

Сатып алулар

Баяндамашы атап өткендей, ұлттық компаниялардың сатып алу бюджетінде бәсеңсу динамикасы байқалады. Соған қарамастан, Палата облыс әкімдігімен бірлесе отырып, отандық бизнесті қолдау жұмыстарын жүргізуде. Мәселен, осы жылы мемлекеттік сатып алу саласындағы отандық тауар өндірушілерді қолдау аясында сатып алу мәселесіне қатысты ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс комиссиясы мен квазимемлекеттік компаниялардың сатып алуындағы жергілікті құрам үлесін арттыру жөніндегі жұмыс комиссиясы құрылды.

«Комиссия шеңберінде біз отандық жеткізушілер мен тапсырыс берушілерді келіссөздер үстеліне отырғыздық. Сондай-ақ, Палата ДСҰ мен Кедендік одақ нормаларындағы шектеулерді түсіндіру мақсатында бизнеспен тұрақты түрде пікір алмасулар өткізіп тұрады. Бір сөзбен айтқанда, жергілікті құрамның үлесін арттыру бағытында ілгері қарай жылдып келеміз. Мемлекеттік сатып алу саласында жергілікті атқарушы органдар мен отандық бизнес арасында өзара түсіністік бар екенін атап өткім келеді. Оған жергілікті құрамның 80%-дық үлесі дәлел», – деді О.Қаржауов.

Соған қарамастан, бизнестің ұлттық компанияларға қояр талаптары жоқ емес. Ол бойынша Палата қызу жұмыс істеуде, деп атап өтті Олжас Қаржауов. Ол көлемдерді отандық бизнесті елеместен, шетелдік компанияларға беріп жіберуге қатысты жекелеген мысалдарды келтіріп өтті. Жақын арада Палата орын алған жағдайды түп-тамырымен өзгертетіндігіне сендіріп бақты.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры міндетін атқарушы тағы бір жұмыс бағытын айтып өтті. Ол қаржыландыру көзі шектеулі болғандықантан өзекті – мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ)

«Бұл бағытта жүйелі жұмысты жолға қойдық. Алайда МЖӘ механизмдерін жариялау мен бизнеске түсіндіруге қатысты түйіткілдер бар. Сондықтан біз кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын бастап кеттік. Одан бөлек, Палата мен МЖӘ арасында МЖӘ механизмдері арқылы сатылуы мүмкін қажетті нысандарға ортақ мониторинг жүргізі туралы келісім бар», – деп мәлімдеді О.Қаржауов.

Алқалы-кеңес беру органдары

Кәсіпкерлік қауымдастықтың айтарлықтай табысқа жетуіне облыстағы алқалы-кеңес беру органдары құрамының 50 мен одан да көп пайызы кәсіпкерлерден жасақталғандығы екенін айтты баяндамашы. Яғни, түрлі кеңестер мен комиссияларда кәсіпкердің даусы айтарлықтай салмақты.

«Бұдан өзге, Палата облыстық әкімдіктің жанынан құрылған жекешелендіру мен заңдастыруға қатысты барлық комиссиялардың жұмысына қатысады. Бизнес-құрылымды тарта отырып, осы бағыттағы жұмысты жандандыру қажет деп санаймыз», – деп атап өтті Олжас Қаржауов.

Әйелдер кәсіпкерлігі

ӨКП әйелдер кәсіпкерлігіне айтарлықтай көңіл бөліп отыр. Оның дамуына Палата жанынан арнайы құрылған Іскер әйелдер кеңесі ықпал етеді.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ләззат Рамазанова осы жылдың мамыр айында Маңғыстау облысындағы жұмыс сапарында Кеңес жұмысын жоғары бағалады. Өңірге танымал бизнесвумен Сәуле Салихованың басшылық етуімен Кеңес ауылда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша бірқатар жобаларды жүзеге асыруда», – деп хабарлады О.Қаржауов.

Өңірлік кәсіпкерлікті дамыту картасы

Шетелдік инвестицияларды қажет ететін өңірдің экономикалық дамуы жөніндегі стратегиялық міндетті жүзеге асыру – оңай шаруа емес. Осы бағыттағы табысты бастамалардың бірі өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Мирлан Құсайынов өңірлік кәсіпкерлікті дамыту картасын әзірлеу деп санайды.

Бүгінгі таңда Маңғыстау облысы мұнайлы өңір ретінде танымал. Алайда, өңірдің ерекшелігі мұнаймен ғана шектелмейді. Мұнда Каспий теңізі, теңіз порты бар. Одан бөлек, облыс теңіз арқылы Ресеймен, Әзірбайжанмен Түркіменстанмен және Иранмен, құрлықта Өзбекстанмен, Түркіменстанмен шектесіп жатыр. Бұл облысты Парсы шығанағына жол салатын транзиттік дәліз ретінде көрсете отырып, өңірдің көлік және логистикалық әлеуетіне оң ықпалын тигізеді. Мирлан Құсайыновтың айтуынша, бұл артықшылықтардың барлығы өңірлік картада көрініс тапқан.

«Қазіргі күрделі жағдайда Карта бизнесменге капиталын мейлінше аз тәуекелділікпен дұрыс бағытқа салуына мүмкіндік береді. Шетелдік инвестор үшін карта – бизнес-жолнұсқаушы. Сол арқылы ол өнеркәсіптік мамандануды, шикізаттық бағытты, инфрақұрылымның бар-жоқтығын және басқа жайттарды ескере отырып, өнеркәсіптік кешен кәсіпорындарының орналасуын зерттей алады», – деп атап өтті М.Құсайынов.

Бизнесті құқықтық қорғау

Палата жұмысының әлеуетті бағыттарының бірі – кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мен әкімшілік кедергілерді жою. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Әмірғали Жанаевтың мәлімдеуінше, аталған бағытта 2015 жылдың қаңтарынан қазіргі таңға дейін 200-ден аса арыз келіп түскен. Соның ішінде 62 арыз бойынша мәселе оң шешімін тапса, 103 арыз бойынша кеңес беру-түсіндіру жұмыстары жүргізілген, 20 арыз мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қарауында, 15 арыз жаңа қаралуда.

Палата сарапшылары 34 соттың талқылауына қатысып, кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаған. Палатаның көмегімен кәсіпкердің пайдасына жалпы сомасы 404 миллион болатын берешек өтелген, соның ішіндегі биылғы жылғысы – 37,5 миллон теңге.

«Сондай-ақ, біз жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдар тарапынан 26 әкімшілік кедергі жағдайын анықтадық, соның 5-уі биылғы жылдың үлесінде. Осы деректер бойынша сәйкес мемлекеттік органдарға хаттар жолданды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда», – деді А.Жанаев.

Жақын болашаққа жоспар

Баспасөз-конференциясын ұйымдастырушылар Палатаның бүгінгі таңда облыстық әкімдікпен бірлесіп екі бизнес-инкубаторды іске қосу бойынша дайындық жұмыстарын жүргізіп жатқандығы туралы ақпармен бөлісті. Олар: тігін шеберханасы мектебі мен жылыжай шаруашылығы. Сонымен қатар, Ұлттық палатаның тапсырмасымен өңірлік палата облыстың әкімдікпен бірлесе отырып, аудан орталықтарында шағын индустриалды аймақтар құру мәселесін қарауды бастап кетіпті. Дайын болған инфрақұрылым ауылдағы шағын және орта бизнестің көптеген мәселесін шешуі тиіс деген сенімде Палата басшылығы.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер