«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қызылордада 27 кәсіпкер «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсына қатысуға ниет білдіруде

2019 жылғы 17 Маусым
- Қызылорда облысы
10953 просмотров

Кәсіпкерлер палатасының алаңында ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсына қатысушыларға арналған оқыту семинары өтті.

Айта кету керек, бүгінгі күнге дейін «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік  көрме-конкурсына қатысуға 27 кәсіпкер өтініш берді. Құжат қабылдау 1 шілдеге дейін жүргізіледі.

Семинарды «Атамекен» ҰКП Әлеуметтік бастамалар департаментінің директоры Әбдікәрімова Салтанат Жақсылыққызы жүргізді.

Шара барысында «Атамекеннің» өкілі «Алтын сапа» мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсына қатысу талаптарымен жан-жақты таныстырып өтті.

Бүгін назарларыңызға «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсын өткізу және дипломант атағын беру қағидаларымен таныстырып өтпекпіз.

Конкурсты ұйымдастырушылар: республикалық конкурсты ұйымдастырушы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, өңірлік конкурсты ұйымдастырушы облыстық кәсіпкерлер палатасы.

Конкурстың негізгі мақсаттары:

- жеке және заңды тұлғалардың отандық өнімнің сапасын арттыруға бағытталған қызметін жандандыру;

- Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен толықтыруға жәрдемдеу;

- отандық және халықаралық стандарттар негізінде сапаны басқару мен қамтамасыз етудің қазіргі заманғы әдістерін кеңінен енгізуге алғышарттар жасау және оған жәрдемдесу;

- сапа проблемаларын шешу қажеттілігіне өнеркәсіптік, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың назарын аудару;

- халық арасында сапа идеясын насихаттау болып табылады.

Конкурсқа қатыса алады:

         - Қазақстан Республикасының аумағында өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларын және өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер өндіруді жүзеге асыратын;

         - өнім сапасының тұрақты жоғары деңгейін және оны жүйелі түрде жақсартуды қамтамасыз ету жөнінде конкурсты ұйымдастырушы растаған оң нәтижелері бар дара кәсіпкер немесе заңды тұлға конкурсқа қатысушы бола алады.

         Конкурсқа қатысуға ниет білдірген заңды тұлға немесе дара кәсіпкер Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, беру және алдын ала сараптамалық бағалау қағидаларына сәйкес материалдарды ресімдейді және конкурсты ұйымдастырушыға береді.

         Конкурс үш номинация бойынша жүргізіледі:

         - «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»;

         - «Халыққа арналған үздік тауарлар»;

         - «Үздік азық-түлік тауарлары».

         Әр номинация бойынша үш жеңімпаз айқындалады.

         Конкурс төрт кезеңмен жүзеге асырылады:

         - бірінші кезеңде конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдау, материалдар мен өнімдерді сараптамалық бағалау жүзеге асырылады. Өңірлік конкурстарды ұйымдастырушылардың шешімімен құрылған сараптамалық топ өңірлік конкурстардың 9 жеңімпазын анықтайды. Өңірлік конкурстарды ұйымдастырушылар республикалық конкурсты ұйымдастырушыға өңірлік конкурс жеңімпаздарының қажетті құжаттарын жібереді.

         - екінші кезеңде материалдар мен өнімдерді сараптамалық бағалау республикалық деңгейде жүзеге асырылады. Республикалық конкурсты ұйымдастырушының шешімімен құрылған сараптамалық топ үш номинация бойынша 27 финалисті айқындайды;

         - үшінші кезеңде 27 финалист онлайн-дауыс беруге қатысады;

         - төртінші кезеңде республикалық конкурсты ұйымдастырушы 27 финалистің материалдарын алдын ала қорытындыларымен және онлайн-дауыс беру нәтижелерімен бірге Комиссияның қарауына ұсынады.

         Комиссия ұсынылған материалдар негізінде 9 конкурсқа қатысушыға «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсы дипломанты атағын беру туралы шешім қабылдайды.

         Алдын ала қорытындының нәтижелері бойынша балл тепе-тең түскен жағдайда, жеңімпаз онлайн-дауыс беру арқылы айқындалады.

         Конкурс жеімпаздарына берілетін стимулдар:

         - Конкурс дипломанттары «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының эмблемасымен және дипломымен марапатталады.

         - Конкурс дипломанттарының тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

         - Конкурс дипломанттары конкурстың эмблемасын жарнамалық мақсатта төрт жыл бойы пайдалану құқығын алады.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша Кәсіпкерлер палатасының Жобаларды сүйемелдеу бөлімінің сарапшысы Гүлдана Таңатовамен байланысуды ұсынамыз. Байланыс құралдары:  тел.: 8(724)2-40-09-81 (вн.4311), e-mail: g.tanatova@atameken.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер