«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда «Қарапайым заттар экономикасы» Басым жобаларды жеңілдікпен несиелеу бағдарламасын жүзеге асыру жұмысы басталды

2019 жылғы 01 Сәуір
- Алматы қаласы
11303 просмотров

«Қарапайым заттар экономикасын» дамыту бойынша Елбасының тапсырмасын жүзеге асыру, ұзақ мерзімді теңгелік өтімділігін қамтамасыз ету және қолжетміді несиелеу мәселелерін шешу мақсатында Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы жанынан Басым жобаларды жеңілдікпен несиелеу бағдарламасын жүзеге асыру мониторингі жөнінде Жобалық алқа құрылды

Жобалық алқаны құрудың негізгі мақсаттары – Басым жобаларды жеңілдікпен несиелеу бағдарламасын жүзеге асыруға атсалысу, кәсіпкерлердің инвестициялық белсенділігін ынталандыру, кәсіпкерлік бастаманы жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасау.

 «Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған Жобалық алқа Басым жобаларды жеңілдікпен несиелеу бағдарламасын жүзеге асырудың мониторингін жүргізу, кәсіпкерлердің жобаларына бизнес-жоспарды құрудан бастап, қаржыландыруға дейінгі кезеңде сүйемелдеу көрсетуді жүзеге асырады. Сарапшыларымыз екінші деңгейлі банктер мақұлдамаған жобаларға, сонымен қатар өтініш берушілердің қаржылық жағдайына қаржылық диагностика жасайды. Сонымен қатар біз Біз сондай-ақ бизнес-қоғамдастыққа қолдау көрсетудің жаңа тетіктерін әзірлеу бойынша ұсынымдар беріп, бизнес-ортада ақпараттық-түсіндірме іс-шараларды жүргізетін боламыз», – деді Алматы қаласы ӨКП директоры Бағдат Телебай.

 Брифинг жұмысына Алматы қаласы бойынша «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Өңірлік филиалының директоры Мереке Сыздықов және Қазақстан Қаржыгерлері қауымдастығының директоры Дана Құрманиязова қатысты.

 «Қазір аталған бағдарлама бойынша өтінімдер қабылдануда. Бүгінде жалпы сомасы 97 млрд теңгеге 84 жоба қаралымда жатыр, оның ішінде жалпы сомасы 12 млрд теңгеге тең 18 жоба мақұлданды. Бағдарламаға Қазақстан Халық банкі, Цесна банк, Сбербанк, БанкЦентрКредит, АТФ, РБК, Forte банк, Евразийский банк және Нұрбанк белсенді қатысып жатыр. Өңірлер деңгейінде Алматы бойынша жалпы сомасы 12 млрд теңгеге 7 жоба қаралуда, 3 млрд теңге көлемінде 1 жоба мақұлданды», – деді Қазақстан Қаржыгерлері қауымдастығының директоры Дана Құрманиязова.

 «Кәсіпкер несиелеуге банкке жүгінуі керек. Банк байқаулық тексеру, жобаға сараптама, техникалық-экономикалық негіздеме жүргізеді. Кейін оң шешім алған кәсіпкер «Даму» қоры қызметіне жүгінеді. Қор бағдарламаның шарттарына сәйкес 5 жұмыс күні ішінде жобаны қарастырады және банк пен кәсіпкерге қабылдаған шешімі туралы хабарландыру жібереді. Содан кейін субсидиялаудың үшжақты келісімшарты жасалады», – Алматы қаласы бойынша «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Өңірлік филиалының директоры Мереке Сыздықов.

 Естеріңізге салсақ, биыл Елбасының тапсырмасымен халық тұтынатын тауарларды, сондай-ақ шикізат және бастапқы өңдеу өнімдер өндірісін қолдауға Үкіметтен 600 млрд теңге бөлінді. Атап айтқанда, бұл қаражат өңдеу өнеркәсібі, агроөнеркәсіп кешенін дамыту мен қолдауға бағытталады.

Бөлінген қаражаттың мақсатты арналуы – өңдеу өнеркәсібі және агроөнеркәсіп кешені саласында қызмет ететін кәсіпкерлерді инвестициялық мақсаттарға (негізгі қаражат, биологиялық активтер) несиелендіру және айналым қаражаттарды толтыру. Мәселен, тамақ өнеркәсібінде етті өңдеу мен консервілеу, қант өндірісі, жеміс және көкөніс шырынын өндіру, балалар тамағы және диеталық тамақ өнімдері өндірісі несиелеуге жатуы мүмкін, ал жеңіл өнеркәсібінде: сыртқы киім өндірісі, тоқыма өндірісі және трикотаж нәски-шұлық өндірісі, аяқ киім өндірісі несиелеуге жатады. Үкімет Қаулысымен Экономикалық қызметтің жалпы жіктемесінің 65 қызмет түрлері бойынша несиелендіруге арналған 365 тауар тізбегі бекітілді, оның ішінде тамақ өнеркәсібі бойынша 69 тауар, азық-түлік емес өнім бойынша  274 тауар, ауыл шаруашылығы өнімі бойынша 49 тауар анықталды.

 Несиелеу шарттары бойынша қарыз беру мерзімі 7 жылды, соңғы қарыз алушылар үшін аталуы сыйақы мөлшері – «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында мөлшерлемені субсидиялау есебінен 8%-ды құрайды. Қаржыландыруға қол жеткізу үшін кәсіпкер банкке өтінім жіберіп, бизнес жобаны бағалау және мақұлдау процедураларынан өтіп, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорына жүгінуі қажет.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер