«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астанада 2018 жылдың ең үздік тауар өндірушілерін таңдайды

2018 жылғы 26 Шілде
- Астана қаласы
4471 просмотров

27 шілдеде Астана қаласында «Қазақстанның үздік тауары» жыл сайынғы өңірлік байқау-көрмесі өтеді.
 Көрме барысында сарапшылар комиссиясы үш аталым бойынша тоғыз жеңімпазды анықтайды:

  • «Өнеркәсіптік мақсаттардағы  үздік тауарлар»
  • «Халыққа арналған үздік өнім»
  • «Үздік азық-түлік тауарлары»

Іс-шараға 70-тен астам өндіруші қатысады. Атап айтқанда: трансформаторлық қосалқы станциялар, құбырлар, құрылыс қоспалары, шыны бұйымдары, жеңіл өнеркәсіп бұйымдары, арнайы жұмыс киімі, тамақ өнімдері, сондай-ақ биопакеттер, ағаш ойыншықтар, үйдегі тоқыма  және басқа да тұтыну тауарлары.

Өңірлік іріктеу кезеңінің жеңімпаздары республикалық деңгейде өтетін «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесіне қатысады.

Іс-шараның өтетін орны мен уақыты: 27 шілде, «Қазмедиа орталығы» (Қонаев көшесі, 4), 1-қабат, фойе, кіру концерттік залдан, сағат 12.30-да басталады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер