«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Atameken Business

Бизнес-күнтізбе

.

Көрмелер кестесі

Өңірлік әйелдер Кеңесі

Бисембаева Бағила Мүбәракқызы

Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы


Бисембаева Бағила Мүбәракқызы – Астана қаласы Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы

1964 ж. Ақмола облысы Атбасар қаласында туған.

  • 1991 жылы Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «философ-саясаттанушы» мамандығы бойынша бітірді.

  • 1998 жылы Еуразия нарық институтын «экономист» мамандығы бойынша бітірді.

  • Еңбек жолын 1982 ж. Атбасар қалалық халыққа білім беру бөлімінің №3 орта мектебінде нөлдік сынып мұғалімі болып бастады.

  • 1983-1985 жж. – Атбасар қ. Атбасар тігін фабрикасының тігінші-моторисі.

  • 1991-1996 жж. – Көкшетау педагогикалық институты Саясаттану және экономикалық теория кафедрасының оқытушысы, Көкшетау қ.

  • 1996-1998 жж – «Арман» Халықаралық нарықтық экономика орталығының бағдарламалары жөніндегі менеджері, Алматы қ.

  • 1998-2001 жж. – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Экономика, қаржы және бюджет комитеті хатшылығы секторының меңгерушісі.

  • 2001-2004 жж – ҚР Парламентіндегі Үкімет өкілдігі басшысының орынбасары.

  • 2004-2007 жж. – ҚР Еңбек  және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары.

  • 2007-2012 жж. – ҚР Парламенті Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі.

  • 2012-2014 жд. – ҚР Парламенті Мәжілісі аппараты жетекшісінің орынбасары.

  • 2014 жылдан бері – «Фортуната» ЖШС директоры. 

Іскер әйелдердің өңірлік кеңесі

2015 жылғы 9 сәуірде Астанада «Атамекен» ҚР ҰКП президиум төрағасы хатшылығының басшысы Ләззат Рамазанованың төрағалығымен Іскер әйелдер кеңесінің бірінші құрылтай конференциясы өтті. Іс-шараға экономиканың әртүрлі сегменттерінде өз бизнесін дамытып жүрген отыздан аса нәзік жандылар қатысты,- деп хабарлайды Palata.kz.

«Әйелдер кәсіпкерлігі ешқашан зерттелген жоқ», - деп атап өтті Ләззат Рамазанова отырыс қатысушыларына үндеуі кезінде.

«Әйелдер белсенділігі, қатысуы, гендерлік теңдігі зерттелген. Ал дәл осы әйелдер кәсіпкерлігін, оның негізгі үрдістері, жай-күйі мен келешегін зерттеу Қазақстанда жүргізілмеген. Бұл жұмысты «Атамекен» ұлттық палатасы жүзеге асырады.

Ләззат Рамазанованың айтуынша, бизнестегі әйелдер бастамаларының өсуі, кәсіпкер әйелі санының өсуі үшін жағдайлар жасау бойынша жұмыс кеңес қызметінің басты бағытына айналады. Осы мақсатта ҚР ҰКП өз ісін жаңа бастаған кәсіпкер әйелдерге,бизнес-жобаларды дайындауға және жүзеге асыру арналған практикалық көмектің бірқатар бағдарламаларын әзірлеуді ұсынады.

Әйелдердің бизнес-бастамаларының жай-күйі туралы объективті ақпаратты саяси шешімдер қабылдау деңгейіне дейін жеткізудің маңызды құралдарының бірі конференцияға қатысушылар үшін, заңға сәйкес, жыл сайын мемлекет басшысына ұсынылатын Гендерлік теңдік туралы ұлттық баяндама болып көрінеді.

«Атамекен» ҚР ҰКП жанындағы Іскер әйелдер кеңесі осы құжатты қалыптастыруға өзінің қатысуын міндет деп біледі.

«Іскер әйелдер кеңесін құру – бұл кәсіпкер әйелдердің экономикалық белсенділікті ынталандырудағы тиімді және пәрменді тәсіл. Менің ойымша, кеңесті құру арқылы палата осы бағыттағы өз қызметін анағұрлым күшейтуге және алға қойылған міндеттерді шешуге оңтайлы тәсіл табу үшін осы бағыттағы өз қызметін одан әрі ынталандыра түсуі тиіс» - деді Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Мейірбек Мажитов.

Бүгінгі таңда Астанада ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, өнеркәсіп, сауда, құрылыс, көлік және қойма салаларында бизнесін дамытып отырған 43 мыңнан астам кәсіпкер әйелдер бар. Атап өтілгендей, қызмет көрсету және сауда саласында кәсіпкер әйелдер ерлерді баяғыда қуып жетті.

Жаңадан құрылған Өңірлік іскер әйелдер кеңесі республикадағы шағын және орта бизнесті қаржыландыру жүйесі туралы ақпараттандыруды ұйымдастыруды және экономикалық қызметтің неғұрлым тиімді түрлерін іздеуді өзіне алуға ниетті. Бұл бағыт шеңберінде көптеген бизнес-турларды ұйымдастыру мен шетелдердегі кәсіпкер әйелдер ішінен әлеуетті серіктестердің байланыстарын іздеу жоспарланған.

Конференцияға қатысушылар Астана кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы ретінде «Фортуна» ЖШС басшысы Бағила Бисембаеваның кандидатурасын бірауыздан қолдады.

 

Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің  құрамы

 НҰР-СУЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСНІҢ ТІЗІМІ

Аты-жөні

Лауазымы

 

1

БисембаеваБағила Мубараковна

Астана қаласының Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы, «Fortunata» ЖШС директоры

 

2

Арслан Қымбат Алкеновна

«Stonedecor» ЖШС директоры

 

3

Абдибаитова Әлия

Османкуловна.

FASHION PARK, «Ашық Әлем» Қорының құрылтайшысы

 

4

Балахметова Гульнар

Оразалыевна

«АТФ» Банк Басқарма төрағасының орынбасары

 

5

Байбаченова Қарлығаш

«ДараАрт» ЖШС директоры

 

6

Жұмакаримова Динара Абдикаримовна

«Қазақстан Мед Дез» ЖШС құрылтайшысы және бас директоры

 

7

Коробко Надежда Михайловна

ГАЗГЗУ университетінің қаржы мәселесі жөніндегі Басқарма төрағасының орынбасары

 

8

Мукатаева Айжан Сабыровна

«Ингресс» ЖШС бас директоры

 

9

Сыздыкова Шолпан Викторовна

 «Іскерлік әлем» баспасының директоры

 

10

Сералинова Қадиша Рыспаевна

«Жорға МТ» ЖШС директоры, № 6 автобус паркі

 

11

Темирханова Қарлығаш

Тулеутаевна

«Әйелдер: Шығыс-Батыс» журналының бас редакторы

 

12

Танкибаева Мереке Хафизовна

Қазақ технология және бизнес университетінің проректоры, профессор

 

13

Асауова Қарлығаш Аблаевна

«Аблаева» ЖК директорының орынбасары

 

14

 

Аубакирова Анар Каиржановна

НұрөСұлтан қаласының Іскер әйелдер кеңесі

 

Серіктестер