«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнес өкілдерімен кездесу

2026 жылғы 13 Қаңтар
- Ұлытау облысы
169 просмотров

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев жұмыс сапары аясында кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Жиында кәсіпкерлерді толғандырған өзекті мәселелер талқыланды.


Атап айтқанда, субсидиялау тетіктері, әділетсіз бәсекелестік, шағын және орта бизнесті қолдау, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мәселелері көтерілді. Кәсіпкерлер нақты ұсыныстарын жеткізді, ал Азат Перуашев оларды жеке бақылауына алатынын атап өтті.
Әлеуметтік кәсіпкер, «MamaRada» академиясының басшысы Жұлдыз Рахымбекова ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды мектепке академиялық даярлауды субсидиялау және авторлық әдістемені енгізу ұсынысын айтты.
Сонымен қатар, Жезқазған қаласындағы ЖК «Almagul» дүкенінің иесі Алимаш Абишева әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын шағын дүкендерге делдалсыз және төмендетілген бағамен жеткізу мәселесін көтерді.
Кездесудің соңында Азат Перуашев көтерілген мәселелер партия назарында болатынын айтып, кәсіпкерлерге Ұлытау облыстық филиалы арқылы тұрақты түрде жүгінуге болатынын ескертті.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174