«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

​Ұлытау облысында мемлекеттік органдардың кәсіпкерлер алдындағы Бірыңғай есеп беру күні өтті

2025 жылғы 25 Қыркүйек
- Ұлытау облысы
208 просмотров

 

Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында мемлекеттік органдардың бизнес-қоғамдастық алдындағы Бірыңғай есеп беру күні өтті. 

Жиын жұмысына 16 мемлекеттік органның өкілдері, сондай-ақ өңір кәсіпкерлері, соның ішінде шағын және орта бизнес өкілдері қатысты.Іс-шара кәсіпкерлер өздерін толғандырған сұрақтарын тікелей қойып, уәкілетті органдардан нақты түсініктемелер ала алатын диалог алаңына айналды. Талқылау барысында өңірде бизнесті дамытуға қатысты негізгі мәселелер қозғалды.Көтерілген мәселелердің қатарында: Ұлытау облысында әлеуметтік кәсіпкерлерге арналған преференциялар мен субсидиялардың болмауы, жекеменшік балабақшалардағы жан басына шаққандағы қаржыландырудың төмендігі, шаруа қожалықтарын дамыту, нысаналы мақсаты бар ғимаратты іздеу, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру қызметін көрсететін ұйымдарда тұтынушылар құқықтарын қорғауға қатысты ақпараттың орналасуы сияқты сұрақтар бар.Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Ерболат Бөрибаев қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық мемлекеттік органдар кәсіпкерлер алдында есеп беруге міндетті екенін еске салды. Ол мұндай кездесулер бизнестің өзекті мәселелерін ашық талқылауға және оларды бірлесіп шешуге мүмкіндік беретін маңызды алаң екенін атап өтті.«Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы – кәсіпкерлер мен мемлекет арасындағы сындарлы диалог орнатуға мүмкіндік беретін ашық алаң. Біз өңірде іскерлік ахуалды жақсартуға, жұмыс орындарын сақтауға ықпал ететін өзара тиімді шешімдер табуға көмектесеміз. Кәсіпкерліктің дамуы – облыстың экономикалық әлеуетінің дамуына тікелей байланысты. Сондықтан ортақ мақсаттарға жету үшін бірігуіміз қажет», – деді Ерболат Бөрибаев.Өз кезегінде кәсіпкерлер айтылған ұсыныстар мен бастамалар мемлекеттік органдардың алдағы жұмысында ескерілетініне үміт білдірді.Бірыңғай есеп беру күні тағы да дәлелдеді: ашықтық, өзара іс-қимыл және адал диалог – кәсіпкерлік пен өңір экономикасының орнықты дамуының негізі.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174