«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлерді қолдау және ақпараттандыру

2025 жылғы 25 Қыркүйек
- Ұлытау облысы
206 просмотров

Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының менеджер-кеңесшілері Әсем Айдарбекова мен Донат Ботай кәсіпкерлермен кездесу өткізіп, онда қолданыстағы мемлекеттік гранттық бағдарламалар мен әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобалары, сондай-ақ «Даму» қоры, «СПК» және басқа да ұйымдар тарапынан көрсетілетін несие беру және субсидиялау тетіктері туралы жан-жақты түсіндірді.  

Кездесу барысында қатысушылар:  Бизнесін дамыту үшін мемлекеттік грантты қалай алуға болатынын Қатысу шарттары мен үміткерлерге қойылатын талаптарды Әйел-кәсіпкерлерге қандай мүмкіндіктер ашық екенінҚұжаттарды қалай дұрыс рәсімдеп, өтінімді қалай беру керектігінтолық білді.Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға нақты жауаптар мен сарапшылардан пайдалы кеңестер алды. Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы өңірдегі бизнес қауымдастығының қаржылық сауаттылығы мен ақпараттануын арттыру бағытында жұмысын жалғастыруда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174