«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Салықтар өзгеріп, технологиялар енгізілуде: кәсіпкерлер талқылаған негізгі мәселелер

2025 жылғы 18 Тамыз
- Астана қаласы
918 просмотров

Астанa қаласының Кәсіпкерлер палатасында «Сауда және қызмет көрсету» салалық кеңесінің отырысы өтті. Жиында бизнес өкілдері, мемлекеттік органдар мен сарапшылар салық заңнамасындағы өзгерістерді талқылап, шоттардың бұғатталуына байланысты мәселелерді атап өтті және цифрландыру мүмкіндіктерін, соның ішінде жасанды интеллект технологияларын енгізуді қарастырды.

Сарайшык ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Жайжұман 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін негізгі түзетулерді таныстырды. Жаңа өзгерістер салықтық режимдерді қолдану тәртібіне әсер етіп, кәсіпкерлердің кең ауқымына ықпал етпек.

Ең өткір мәселелердің бірі - Алматы ауданын Алматы және Сарайшык аудандарына бөлу кезінде туындаған жүйелік ақау болды. Өңірлік кеңес мүшесі Сауле Самидин атап өткендей, салық органдары арасындағы деректерді дұрыс бермеу салдарынан кәсіпкерлер қиын жағдайға тап болды: жаңа деректемелер бойынша салық төлегеніне қарамастан, бұрынғы салық органдары хабарламалар жіберуді және алдын ала ескертусіз шоттарды бұғаттауды жалғастыруда.

Бұл мәселе ең алдымен бухгалтерлік сүйемелдеуі жоқ жеке кәсіпкерлер үшін үлкен қауіп төндіреді, өйткені олар әрдайым салық төлеушінің жеке кабинетіне келіп түсетін хабарламаларды дер кезінде бақылап үлгермейді.

Шешім ретінде екі ауданның салық органдарының ақпараттық жүйелерін біріктіру және хабарландырудың қолжетімді тетіктерін енгізу ұсынылды. Мысалы, SMS арқылы немесе мобильді қосымшалармен интеграциялау жолымен. Алматы және Сарайшык аудандарының Мемлекеттік кірістер басқармаларының өкілдері бұл бастамаларды қолдап, оларды практикалық деңгейде іске асыруға дайын екендіктерін жеткізді.

Жиын қатысушылары жаңа жеңілдетілген декларацияға көшу кезінде арнайы салық режимін қолдану мәселесіне де ерекше назар аударды. Халықаралық салық аудиторлары қауымдастығының төрайымы, Finex-Standart аудиторлық компаниясының директоры Әсел Жанабекова кәсіпкерлердің арнайы салық режимін қолдануына шектеу қоятын қызмет түрлерінің қолданыстағы Тыйым салынған тізімін қайта қарауды ұсынды.

Кәсіпкерлер палатасы Әсел Жанабековамен бірлесіп, тиісті ұсынысты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жолдайтын болады.

Отырысты қорытындылай келе, қатысушылар цифрландыру мәселелерін талқылады. Нейрожелілер жөніндегі сарапшы, Tobi AI компаниясының негізін қалаушы Жанна Артего жасанды интеллектіні бизнес-процестерге енгізудің практикалық тәсілдерін таныстырды. Ол мұндай технологиялар компаниялардың тиімділігін айтарлықтай арттыра алатынын, әсіресе клиенттермен өзара іс-қимыл саласында үлкен мүмкіндік беретінін атап өтті. Бұл баяндама кездесудің маңызды акцентіне айналып, цифрлық шешімдер енді болашақ идеялар қатарынан шығып, кәсіпкерлердің күнделікті жұмысына енетін құралға айналып келе жатқанын көрсетті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174