«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Түркістан облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

2025 жылғы 05 Маусым
- Түркістан облысы
129 просмотров

Түркістан облысының прокуроры М.Ә. Тлеубердиевтің төрағалығымен «Заң және Тәртіп» қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мен өзара іс-қимылдың басымдықтарын талқылау бойынша Үйлестіру кеңесі өтті.

Жиынға облыстың құқық қорғау және мемлекеттік органдар, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдардың басшылары, БАҚ өкілдері, оқу орындарының ректорлары қатысты.

Облыс прокуроры өз сөзінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен өмір сүру сапасын арттыру – басым міндеттердің бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ, кибершабуылдардың алдын алуға және заманауи қауіп-қатерлерге ден қоюға ерекше назар аударуды тапсырды.

Кеңес барысында IT – технологияларды қолдана отырып, құқық бұзушылықтарды жедел анықтайтын жобаларды іске асыру қажеттігі атап өтілді.

Прокуратура бастамасымен іске асырылып жатқан «Бұзушылыққа тоқтам», «Алаяқтан сақ бол», «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобалары, сондай-ақ Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің «Прокурорлық фильтр», «Қылмыстар картасы», «Қамқор» жүйелерінің жұмысы туралы презентациялар көрсетіліп, анықталған құқық бұзушылықтар туралы ақпарат берілді.

Кеңес қорытындысында мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылын күшейтіп, жұмыс барысында озық технологияларды қолдана отырып цифрлық шешімдерді жетілдіру туралы шешім қабылданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер