«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Білім мен бизнестің игілігі үшін әріптестік: Астанада маңызды меморандумға қол қойылды

2025 жылғы 24 Сәуір
- Астана қаласы
650 просмотров

Астанада қалалық Кәсіпкерлер палатасы мен «The Ulytau Educational Foundation» қоғамдық қоры арасында стратегиялық келісімге қол қойылды. Бұл меморандум білім беру мен кәсіпкерлік салаларында ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі — білім беру жүйесіне заманауи әдістер мен стандарттарды енгізу болмақ. Тараптар білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуде күш біріктіріп, оқу процесін замана талабына сай икемді әрі сапалы етуге ықпал етпек. Келісім аясында білім беру саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлердің мүдделерін қорғауға ерекше назар аударылады. Бұл бағытта бизнес жүргізуге қолайлы жағдайлар жасау, инвестициялар тарту және білім беру қызметтері инфрақұрылымын дамыту көзделген.

Меморандум аясында нақты жобаларды іске асыру үшін жұмыс топтары құрылады. Алғашқы бастамалардың қатарында — мектеп оқушыларына арналған кәсіптік бағдарлау экскурсиялары. Бұл шаралар оқушыларға заманауи мамандықтармен танысуға және болашақта саналы таңдау жасауға көмектеседі. Сонымен қатар, білім беру ортасын дамытуға және болашақ кадрларды даярлауда бизнестің белсенді қатысуын арттыруға бағытталған басқа да іс-шаралар жоспарлануда.

Бұл келісімге қол қойылуы білім беру мен бизнестің интеграциясы жолындағы маңызды қадам болды. Ол екі тарап үшін де үлкен мүмкіндіктер ашады: бір жағынан — білім беру қызметтерінің сапасын арттыру, екінші жағынан — болашаққа инвестиция салуға дайын кәсіпкерлер үшін жаңа перспективалар. Кәсіпкерлер палатасы мен «The Ulytau Educational Foundation» қоры арасындағы әріптестік — бұл Астананың орнықты дамуына қосқан үлес, мұнда білім мен бизнес қатар дамып, жаңа құндылықтар мен мүмкіндіктерді қалыптастырады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер