Елорда инвестициялық әлеуетін дамыту: Астанада бизнес өкілдерінің АЭА-ға қатысуы талқыланды
Астанада кәсіпкерлер қауымдастығы өкілдері мен Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері «AstanaInvest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығы» ЖШС өкілдерімен жұмыс кездесуі өткізілді. Кездесудің басты тақырыбы – елорда аумағында жұмыс істейтін арнайы экономикалық аймақтарға кәсіпкерлердің қатысуы болды.
Іс-шара барысында әлеуетті қатысушылар үшін «Астана – Технополис» және «Астана – жаңа қала» АЭА-на кіру шарттары мен негізгі артықшылықтары жан-жақты қаралды.
Кездесуге қатысушылардың ерекше назарын №1 Индустриялық парк аумағында шығарылатын өнімдер аударды, олар таныстырылым сессиясы аясында ұсынылды.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында әрқайсысының өз салалық мамандануы бар 14 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді. Алайда елорда экономикалық және технологиялық әлеуетті дамытуда басым бағыт ретінде қалып отыр.
2002 жылдан 2027 жылға дейінгі кезеңге арналған «Астана – жаңа қала» АЭА құрамына №1 Индустриялық парк пен Әкімшілік-іскерлік орталық кіреді. Жалпы аумағы – 15,3 мың га. 2001 жылы құрылған сәттен бастап бұл аймақ Астананың инфрақұрылымдық өсуінің маңызды элементіне айналды, инвесторларға өндіріс ашуға қолайлы жағдайлар ұсынуда.
2017 жылы құрылған және 2042 жылға дейін есептелген «Астана – Технополис» АЭА аумағы – 2303,185 га. Оның құрамына №2 Индустриялық парк, Назарбаев Университеті аумағы, су-жасыл бульвар және елорданың басқа да маңызды нысандары кіреді. Бұл аймақ жоғары технологиялық және инновациялық өндірістерді дамытуға бағытталған, сондықтан заманауи шешімдерді енгізуге ұмтылатын компаниялар үшін тартымды болып отыр.
Өткізілген кездесу бизнес пен инвестицияларды қолдау органдары арасындағы диалогты нығайту жолында маңызды қадам болды. Кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдері Астанадағы АЭА ашып отырған мүмкіндіктер мен мемлекеттік қолдау шаралары туралы өзекті ақпарат алды. Арнайы экономикалық аймақтарды дамыту – инвестициялар тарту мен елорданың технологиялық жаңғыруының негізгі құралы болып қала бермек, кәсіпкерлерге ауқымды жобаларды жүзеге асыруға бірегей мүмкіндіктер ұсынады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: