«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасы әлеуметтік маңызы бар спорт нысанының құрылысына қолдау көрсетті.

2025 жылғы 18 Сәуір
- Астана қаласы
1714 просмотров

Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында Кеңес мүшелері мен Палата басшылығы жаңа «Biim arena» спорт кешенінің құрылыс алаңына барды. Жоба әлеуметтік маңызы бар бастама ретінде қарастырылып, елордада бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

Аумағы шамамен 2500 шаршы метр болатын жаңа нысан спортпен айналысуға арналған заманауи кеңістікке айналмақ. Кешенде бірнеше спорт залы, киім ауыстыратын бөлмелер, душ кабиналары мен тамақтану аймағы қарастырылған. Ашылғаннан кейін спорт кешенін күніне 100-ден астам адам пайдалана алады деп жоспарлануда, бұл сапалы спорт инфрақұрылымына кең аудиторияның қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Жобаның ерекше тұсы — оның қайырымдылық негізде жүзеге асырылуы. Жалпы инвестиция көлемі 1 миллиард теңгеге дейін жетеді, алайда құрылыс ешқандай коммерциялық пайда көзделмей жүргізілуде.

«Бұл – қайырымдылық жоба. Ол шын жүректен, сеніммен жасалып жатыр – біз еліміздің салауатты өмір салтына өз үлесімізді қосып жатырмыз», – деп атап өтті Өңірлік кеңестің төрағасы Александр Подвалов.

Өңірлік кеңес мүшелері жобаға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді: іске асыру барысын сүйемелдеп, дамуына атсалысып, негізгі кезеңдерді үйлестіріп, кәсіпкерлер қауымдастығының күшін біріктіре отырып, кешеннің құрылысын сәтті аяқтап, іске қосуға жәрдемдеспек.

«Biim arena» – бизнестің әлеуметтік жауапкершілік танытып, ұлттың дені сау болашағын қалыптастыруға қатыса алатынының жарқын үлгісі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер