«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астанада міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері талқыланды

2025 жылғы 14 Сәуір
- Астана қаласы
1037 просмотров

Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасында елордалық салалық кеңестердің отырысы өтіп, оның аясында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері қаралды.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері мен түрлі саладағы кәсіпкерлер қатысты. Кездесудің басты тақырыбы – МӘМС жүйесінің жұмыс істеу тетіктерін түсіндіру және кәсіпкерлердің осы жүйеге қатысты сұрақтарын талқылау болды. НАО «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Астана қаласы бойынша филиалының директоры Гүлжан Шайхыбекова негізгі баяндама жасап, медициналық сақтандыру жүйесінің жұмыс тәртібі, сақтандырылған азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы кеңінен айтып берді. Сонымен қатар, жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Отырыста бизнес пен мемлекеттік құрылымдар арасындағы сындарлы диалог орнап, мұндай кездесулер кәсіпкерлердің ақпараттандырылуын арттырып, денсаулық сақтау саласындағы бірлескен шешімдерді әзірлеуге жол ашатыны атап өтілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер