«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» палатасының жұмысы туралы Қытай теледидарында арнайы репортаж көрсетіледі

2025 жылғы 12 Наурыз
- Алматы қаласы
455 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

Қытайлық «Qindao Guang bodian shitai» телеарнасының түсірілім тобы Циндао қаласының теледидарында көрсетілетін Алматы қаласы «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының қызметі туралы арнайы репортаж дайындауда. Кәсіпкерлік қоғамдастыққа бағытталған бұл танымдық бағдарлама кең аудиторияға бағытталған.

Репортаждың мақсаты – «Атамекеннің» Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудағы маңызды ұйым ретіндегі жұмысын көрсету.

Қытайдың оңтүстік астанасы ретінде белгілі Циндао сыртқы сауда мен бизнестің, сонымен қатар Орталық Азиямен іскерлік байланыстағы маңызды экономикалық орталық саналады. Осыған байланысты, қытай бизнес-қоғамдастығының «Атамекен» жұмысына деген қызығушылығы ерекше.

Хабар Қазақстанда бизнесті жүргізу ерекшеліктеріне, кәсіпкерлік экожүйені дамытуға және бизнес үшін қолайлы жағдайларды қалыптастырудағы Палатаның рөліне арналады. Репортаж сонымен қатар Орталық Азия нарығына шығуға мүдделі қытайлық кәсіпкерлер үшін екіжақты ынтымақтастық және ықтимал перспективалар тақырыптарын қозғайды.

«Циндао қаласының Қытай өнеркәсібіндегі маңыздылығын ескере отырып, «Атамекен» ӨКП ынтымақтастық үшін зор әлеует көріп отыр. Қазіргі уақытта Қазақстан мен Циндао арасындағы сауда алмасуды ынталандыруға бағытталған жаңа бастамаларды әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Нақты айтқанда, халықаралық ынтымақтастық шеңберінде қазақстандық және қытайлық кәсіпкерлер арасында бизнес-миссиялар мен салалық кездесулерді ұйымдастыру; өнеркәсіптік өндіріс, логистика және жоғары технологиялар саласында бірлескен инвестициялық жобаларды қарастыру; қазақстандық компаниялардың Қытайда және қытайлық компаниялардың Қазақстанда сауда өкілдіктерін құруды қолдау, сондай - ақ қазақстандық кәсіпорындар өз өнімдерін қытайлық серіктестерге ұсына алатын көрмелер мен жәрмеңкелер өткізу көзделген», - деп өз сұхбатында Алматы қаласы «Атамекен» ӨКП халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы Олег Руденко атап өтті.

Бұл репортажды Қытай теледидарында жариялау Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстарды нығайтудағы, сондай-ақ Қазақстанды бизнес жүргізу және инвестициялар салу үшін тартымды ел ретінде ілгерілетудегі маңызды қадам болмақ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер