«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Туризм» салалық кеңесінің үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

2025 жылғы 14 Қаңтар
- Астана қаласы
221 просмотров

Астаналық Кәсіпкерлер палатасында  «Туризм» салалық кеңесінің үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында үміткерлер өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, Қазақстандағы туристік саланы дамыту үшін басты бағыттар мен бастамаларды атап өтті.

Әрбір үміткер өз бастамаларын толығырақ түсіндіріп, саладағы негізгі мәселелерді қалай шешу жолын айтып берді. Мәселен, инфрақұрылымды жақсартудан бастап, цифрлық технологияларды енгізуге дейінгі мәселелер қаралды. Өңірлік кеңес кәсіпкерлер үшін өте маңызды рөл атқарады, өйткені бұл бизнестің мемлекеттік органдармен және басқа да маңызды құрылымдармен өзара әрекеттесу жолындағы үлкен мүмкіндік.

«Өңірлік кеңес – мемлекет пен кәсіпкерлер арасындағы алтын көпір, мұнда проблемалық мәселелер көтеріліп, шешіледі», - деп атап өтті, Еуразиялық шығармашылық индустриялар ассоциациясының жетекшісі, Сауле Самидин.

Бұл консультативтік органдар кәсіпкерлерге аймақ деңгейінде өз мүдделерін ілгерілетуге, заңнамалық немесе экономикалық саясаттағы өзгерістермен байланысты потенциалды қауіптерден қорғауға көмектеседі. Регионалдық кеңестер бизнестің мүдделерін қорғауда маңызды рөл атқарады, сондай-ақ өзекті мәселелерді шешуде де қолдау көрсетеді. Осы форматтағы қарым-қатынас қатысушыларға өз білімдерін және туристік саланы дамытуға арналған жұмыстарының дайын екенін көрсетуге ғана емес, сондай-ақ конструктивті диалог құруға мүмкіндік берді, бұл алдағы сайлауларға дайындықтың маңызды қадамы болды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер