«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасы «AMANAT» партиясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2025 жылғы 20 Қаңтар
- Қостанай облысы
773 просмотров

Бұл ынтымақтастық өңірдегі саяси партиялармен сындарлы диалогты дамытуға бағытталған. «AMANAT» партиясының Қостанай облыстық филиалының төрағасы Алмат Досмұхамедов Кәсіпкерлер палатасының жұмысымен танысты. Өткен жылы Палата бизнеске 23 мыңнан астам қызмет көрсеткен.

Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасының директоры Ренат Давлептаевтың айтуынша, Палата алаңында 8 салалық кеңес жұмыс істейді. Сол кеңестер аясында бизнеске, соның ішінде салалық сипаттағы мәселелерге қатысты 300-ден астам өзекті сұрақ қаралған.


Өз кезегінде Алмат Досмұхамедов экономика және аграрлық сектор мәселелері бойынша партиялық кеңестің маңыздылығын атап өтті. Екі құрылым өңірдің экономикалық әлеуетін дамыту және негізгі міндеттерді тиімді шешу үшін күш біріктіреді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер