«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Атырауда әлеуметтік кәсіпкерлердің IX құрылтайы өтті

2024 жылғы 29 Қараша
- Атырау облысы
4499 просмотров

Мұнда «Жарқыра» бағдарламасының қорытындысы шығарылып, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

"Жарқыра" - бұл "Теңізшевройл" ЖШС қаржылық қолдауымен 2016 жылдан бастап Атырау облысында "Әлеуметтік бағдарламалар және инновациялар қоры" ҚҚ табысты іске асырылып келе жатқан қоғамдағы оң өзгерістер мен әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешуге ықпал ететін идеяларды қолдауға бағытталған кешенді бағдарлама. 

Осы уақыт ішінде бағдарлама шеңберінде жалпы сомасы 170 млн. теңгеден астам 74 әлеуметтік кәсіпкерге қолдау көрсетілді. Әлеуметтік кәсіпкерлер өз кезегінде жыл сайын 25000-нан астам жергілікті тұрғындарды қолдайды. Бағдарламаның әртүрлі кезеңдерінде оған облысымыздың 6 500-ден астам тұрғыны қатысты, ал бағдарламаның ақпараттық компаниясының арқасында бизнестің жаңа бағыты ретінде 75 000-нан астам адам әлеуметтік кәсіпкерлік туралы білді.

Биылғы жылы 9 жоба қаржылай қолдау алды, оның ішінде 2 грант және 7 пайызсыз несие, сондай-ақ 2 жоба оқу тағылымдамасынан тегін өтуге мүмкіндік алды. Жобалар әртүрлі әлеуметтік салаларды қамтыды: медицина және оңалту-1 жоба, балаларды дамыту және тәрбиелеу – 8 жоба, оның ішінде ерекше балаларға білім беру – 3 жоба, халықтың осал топтарын оқыту және жұмысқа орналастыру – 1 жоба, спорт – 1 жоба. Жобалардың географиясы облыстың қалалары мен аудандарын қамтиды: Атырау-6 жоба, Құлсары-3 жоба, Исатай ауданы -1 жоба және Индер ауданы -1 жоба.

Әлеуметтік кәсіпкерлерді, мемлекеттік органдардың, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерін, сондай-ақ серіктестерді, журналистерді және өңірдің белсенді тұрғындарын біріктірген құрылтайда басты назар "Жарқыра" бағдарламасы байқауының жеңімпаздарын құттықтауға арналды. 

"Жыл сайын "Жарқыраның" арқасында біз өз бастамаларымен шабыттандыратын және идеялар мен еңбектің қоғамды жақсы жаққа қалай өзгерте алатынын үлгі ететін жаңа талантты әлеуметтік кәсіпкерлердің пайда болуын көреміз. Бұл адамдар әлеуметтік, экономикалық және экологиялық сын-қатерлер үшін маңызды және қажетті шешімдер қабылдай отырып, тұрақты дамудың қозғаушы күшіне айналады. "Теңізшевройл" ЖШС бұл бағдарламаны мақтанышпен қолдайды, өйткені біз нақты табыс тек экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, сонымен қатар біз тұратын және жұмыс істейтін қоғамның дамуына қандай үлес қосатынымызбен өлшенеді деп сенеміз", - деді өз сөзінде "Теңізшевройл" ЖШС Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас менеджерінің орынбасары Хеймиш Полс.⠀

Одан әрі әлеуметтік кәсіпкерлер өз тәжірибелерімен бөлісті және олардың жобалары маңызды әлеуметтік мәселелерді шеше отырып, адамдардың өмірін жақсартуға қалай ықпал ететінін атап өтті.

«Мен осы «Жарқыра» жобасына 2021 жылы келдім. Биыл қолдау алдым. Қазіргі таңда өзімнің «Аманат» сөйлеуді дамыту орталығымды ашып, дамытудамын.  Даму қорынан аз мөлшерлемемен несие алдым. Сонымен қатар Атамекен кәсіпкерлік палатасында бизнес бағытында тегін оқуға мүмкіндіктер алдым»,- деді әлеуметтік кәсіпкер Назерке Терликбаева.

Кейін әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау шараларына арналған панельдік сессиясында қатысушылар әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың негізгі тәсілдерін және мемлекеттік органдар ұсынатын әлеуметтік кәсіпкерлерді қолдаудың практикалық құралдарын талқылады. Өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу үшін қаржыландыру, білім беруді қолдау және сектораралық ынтымақтастық қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Құрылтайдың спикерлері арасында - "Атамекен" ҰКП жанындағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі кіші комитеттің төрағасы және әлеуметтік кәсіпкер Әйгерім Жаналинова болды. "Идеядан ықпалға дейін: Жасанды интеллект пен инновация әлеуметтік жобаларды қалай өзгертеді" тақырыбында сөйлеген сөзінде ол әлеуметтік кәсіпкерлер үшін бизнестің әлеуметтік әсері мен тиімділігін арттыру үшін жасанды интеллект және цифрландыру сияқты соңғы технологияларды белсенді түрде енгізу және трендте болудың маңыздылығын атап өтті.

Құрылтайдың ең әсерлі сәттерінің бірі Арайлым Нұғманова атындағы грантты табыстау болды. Бұл грантты өткен жылы әлеуметтік кәсіпкерлердің өздері идеялары мен энергиясы көпшілікті шабыттандырған "Жарқыра" бағдарламасының амбассадоры, талантты әріптесін еске алу үшін құрған болатын. Грантқа қаражат бағдарламаға қатысушылардың күшімен жиналады және ол тек құрметке ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік кәсіпкерлер арасындағы бірлік пен өзара қолдаудың символына айналды. Биылғы жылы Абдолла Жансая грант иегері атанды, ал марапатты тапсыру рәсімін жүздеген отбасыларға көмектесіп, қарындасының ісін жалғастырып жатқан "Зейін Атырау" орталығының жетекшісі, Арайлымның ағасы  — Әнуар Бегісбай өткізді.

“Жарқыра” бағдарламасының бірегейлігі - ӘК-тен қайтарылған заем қаражаты жаңа әлеуметтік кәсіпорындарға қайта инвестицияланады. Биылғы жылы қайтарым сомасы 20 000 000 теңгені құрады, яғни бұл ақшаға қоғамға қажетті тағы 5 жоба қолдау тауып, даму мен оқытуға мүмкіндік алды. Осылайша, жыл сайын әлеуметтік кәсіпкерлер саны артып келеді", - деп қорытындылады Әлеуметтік бағдарламалар және инновациялар қорының басшысы Ирина Горбаченко.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер