«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

️Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасының жетекшісі Қанат Алин «Бемер Арматура» кәсіпорнының директоры Андрей Кефер мен Энергетика басқармасының бөлім жетекшісі Тимур Кентаевпен кездесті.

2024 жылғы 26 Қараша
- Астана қаласы
1088 просмотров

Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасының жетекшісі Қанат Алин «Бемер Арматура» кәсіпорнының директоры Андрей Кефер мен Энергетика басқармасының бөлім жетекшісі Тимур Кентаевпен кәсіпорынның проблемалық мәселелерін талқылау үшін кездесті.

Кездесудің негізгі тақырыбы «Тұран» жылу магистралді қазандықтарына жабдық жеткізу мәселесі болды.

Астана қаласының Энергетика басқармасына «Тұран» жылу магистралді қазандықтарына жабдықтың жеткізілуі мен СТ-KZ сертификатының болуы бойынша жан-жақты тексеру жүргізу ұсынылды.

Тексеру 2024 жылдың 6 желтоқсанына дейін аяқталуы тиіс.

Сондай-ақ, шетелдік жабдықтың отандық ретінде жеткізілу мәселесі қаралды.

Бұл кездесу қаланың энергетика саласындағы жеткізілімдердің айқындығы мен сапасының маңыздылығын тағы бір рет дәлелдеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер