«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Елордалық әйелдер кәсіпкерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Әйелдердің эмоциялық әл-ауқаты» тақырыбында Workshop өтті.

2024 жылғы 25 Қараша
- Астана қаласы
910 просмотров

Елордалық әйелдер кәсіпкерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Әйелдердің эмоциялық әл-ауқаты» тақырыбында Workshop өтті. 

Іс-шараның арнайы қонағы — HR Capital компаниясының негізін қалаушы Рифат Абдураманов болды.

Дөңгелек үстелдің мақсаты — әрбір әйелдің өзіндік ерекшелігін түсініп, ішкі күшті қалпына келтіруге қажетті ресурстарды табу және ішкі қақтығыстардың себептерін анықтау.

Ықпалды және табысты Қазақстан тұлғалары шабыттандыратын баяндамалар жасап, тәжірибелерімен бөлісті. 

Workshop қатысушылар үшін тәжірибе мен білім алмасудың бірегей алаңы болды.

Әйел-кәсіпкерлер көптеген маңызды сұрақтарға жауап табып, бір-бірін жаңа жетістіктерге шабыттандырды.

Мұндай кездесулер тек көзқарасты кеңейтуге ғана емес, сонымен қатар қолдаушы әйелдер қауымдастығын қалыптастыруға да мүмкіндік береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер