«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасында «Өрт қауіпсіздігі және газ саласындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

2024 жылғы 13 Қараша
- Астана қаласы
428 просмотров

Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасында «Өрт қауіпсіздігі және газ саласындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Күн тәртібінде газ саласындағы мемлекеттік бақылау мәселесі талқыланды.

Өз сөзінде Астана қаласының Газ инспекциясы және көтергіш құрылымдарды бақылау бөлімінің басшысы Рахымжан Бектанов өрттің алдын алу шараларын түсіндірді.

Кездесу барысында қатысушылар газ баллондарын сақтау, толтыру, жөндеу, техникалық куәландыру, жүзеге асыру және пайдалану мәселелерін талқылады.

Рахымжан Бектановтың айтуынша, газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарын пайдаланушылардың барлығы қауіпсіздік ережелерін сақтамайды.

Халықтың көп шоғырланатын орындарында межведомстволық жұмыс тобы күн сайын түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Айта кету керек, азаматтардан заңбұзушылық туралы жазбаша шағым түскен жағдайда, тұрғын үй инспекциясының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру шараларын ұйымдастырып, әкімшілік шаралар қолданатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер