«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астанада Үздік жергілікті тауарөндірушілер таңдалды

2024 жылғы 28 Тамыз
- Астана қаласы
5411 просмотров

Жеңімпаздар «Бір ауыл – бір өнім» жобасын өңірлік іріктеу шеңберінде анықталды.

Қатысушылар өз өнімдерін Астана қаласының кәсіпкерлер палатасының алаңында өткен көрме-жәрмеңкеде ұсынды.

Іс-шараны ашқан елордалық кәсіпкерлер палатасының директоры Қанат Алин бұл көрменің басты мақсаты - өңірде бірегей өнім табу және жергілікті бренд құру екенін атап өтті.

«Бір ауыл-бір өнім» жобасы жергілікті шикізаттан өнімдерді әзірлеуге және ілгерілетуге бағытталған және кем дегенде бір бәсекеге қабілетті өнімнің жергілікті өндірісін дамыту тұжырымдамасына негізделген. Бұл идея Жапонияда басталды. Қазақстанда бұл жобасы 2021 жылдан бастап сәтті жүзеге асырылуда.  Биыл Астана қаласының кәсіпкерлер палатасы елордалық тауар өндірушілерден 45 өтінім қабылдады», - деді ол.

Елордалық жобаға қатысушылар ұлттық киімдерді, аксессуарларды, бас киімдерді, бірегей зергерлік бұйымдарды, балалар ойыншықтарын, ағаштан және киізден жасалған бұйымдарды және т.б. ұсынды.

Көрме-жәрмеңке қорытындысы бойынша Астанадағы іріктеу турының үздік 10 қатысушысы анықталды. Олар:

1.         Кәрім Ермек, «КӘРІМ ЕРМЕК» ЖК, кәдесыйлар, ағаштан жасалған аспаптар;

2.         Усина Әйгерім, «Мәди» Сервис-орталығы» ЖК, киізден жасалған бас киімдер;

3.         Нұрмұқанова Бақытжан, «Green Tal» ЖШС, ағаштан жасалған бұйымдар;

4.         Болатхан Дамыс, «Болатхан даму» ЖК, былғары сөмкелер;

5.         Сәмет Ақмарал, «Billion» ЖК, шоколадпен қапталған жент;

6.         Жұмабеков Ғазиз, ұлттық үрмелі аспаптар;

7.         Қалимолдаева Лаззат, «Қалимолдаева ЛБ» ЖК, табиғи сабын;

8.         Өмірбек Гүлнар, киізден жасалған сурет;

9.         Қоңырбай Гүлнұр, «Қоңырбай Гүлнұр»  ЖК, күмістен жасалған зергерлік бұйымдар;

10.      Скиткова Екатерина, «Скиткова Е.А.» ЖК, бал және ара шаруашылығы өнімдері.

Бұл қатысушылар жобаның екінші кезеңіне өтеді. Олардың арасында бренд-комитеттің шешімімен өңірлік турдың үш жеңімпазы таңдалады. Олар Астананы қыркүйек айында Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өтетін «Бір ауыл  – бір өнім» республикалық көрме-жәрмеңкесінде таныстырады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер