«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Марқакөле мәдениет және демалыс орталығын ашу жоспарлануда

2024 жылғы 15 Шілде
- Шығыс Қазақстан облысы
3677 просмотров

Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 424 Жарлығы негізінде және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 14948 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар құрылатын және (немесе) олар қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын тауар нарықтарына зерттеп-қарау жүргізу жөніндегі сәйкес келесіні хабарлайды:

"Марқакөл ауданы әкімінің аппараты" ММ Марқакөл ауданының "Ақтолқын" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құруды жоспарлап отыр.

Құрылатын нарық субъектісінің қызмет түрінің экономикалық қызмет коды 93299;

Жобаның негізгі бағыттары:

Кәсіпорын қызметінің мәні ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу болып табылады;

Кәсіпорын қызметінің мақсаты мәдениет саласындағы қолжетімді қызметтер сапалы ұсыну болып табылады;

Қойылған мақсатты іске асыру үшін кәсіпорын мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыруды жоспарлайды:

1. Халық шығармашылығын дамыту, этномәдени дәстүрлер мен салт-дәстүрлерді сақтау және насихаттау, оларды қазіргі мәдени-тарихи және әлеуметтік-экономикалық жағдайларда бейімдеу;

2. Концерттік гастрольдер өткізу, спектакльдер қою, шығармашылық қызметті ұйымдастыру;

3. Қазақстан Республикасында атап өтілетін мерекелерді, концерттерді, ән мен би мерекелерін, тұсаукесерлерді, фестивальдарды, конкурстарды, айтыстарды, халық қолданбалы және бейнелеу көрмелерін ұйымдастыруды жүзеге асыру өнер;

4. Халық шығармашылығын, этномәдени дәстүрлер мен салт-дәстүрлерді сақтау, насихаттау, оларды қазіргі тарихи және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімдеу;

5. Облыстық, өңірлік, республикалық, халықаралық мерекелерге қатысу арқылы халық шығармашылығының үздік ұжымдарын насихаттау, байқаулар, фестивальдар;

6. Мәдени - демалыс қызметі мен халық шығармашылығындағы озық тәжірибені зерделеу, жалпылау, дәріптеу, оны енгізу және тарату;

7. Мәдени-ағартушылық және басқа да рухани мақсаттарды іске асыру.

8. Кәсіпорынның Жарғыда бекітілген қызметін жүзеге асыруға, сондай-ақ оның қызметінің мәні мен мақсатына сай келмейтін мәмілелер жасауға құқығы жоқ.

Объектінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Маркакөл ауданы, Марқакөл ауылы, Крахмаль көшесі, 67 үй

Толығырақ ақпаратты "Марқакөл ауданы әкімінің аппараты" ММ-ден алуға болады, тел.: 8 (72343) 2-14-22

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, қолданыстағы заңнама шеңберінде бизнес субъектілері көрсетілген жобаны іске асыруға мүдделі болған жағдайда, 2024 жылдың 13 тамыз сағат 18.00-ге дейін Шығыс Қазақстан облысының   Кәсіпкерлер палатасына хабарласуыңызды сұраймыз.

Мекенжайы: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Әуезов даңғылы, 26/1 үй, № 9 кабинет, телефон номері: 8 (7232) 74-21-02, 8777-2737437


Еншілес ұйымдар

Серіктестер