«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бөлшек салықты қандай қызмет түрлері қолдана алады?

2024 жылғы 16 Қаңтар
- Астана қаласы
6845 просмотров

Биылдан бастап бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдана алатын қызмет түрлерінің тізімі екі есе өсті. Бұрын 190 қызмет түрі болса, қазір  364 қызмет түрі арнайы салық режимін қолдана алады. 

Тиісті қаулы 15 қаңтарда күшіне енді. 

«Бұл керемет жаңалық және бүкіл бизнес-қоғамдастық қол жеткізген оң нәтиже. Біз Үкіметтің кәсіпкерлердің талап-тілегін естігеніне қуаныштымыз. Астанада өндіріс, сауда белсенді дамып келеді, құрылыс жүргіп жатыр. Осыған байланысты электрмнтаждау құрылғылары, жарықтандыру аспаптары, басқа да электр жабдықтары, жиһаз, құрылыс машиналары мен жабдықтарын жөндеу, жалға беру жөніндегі қызметтерді өндіру сияқты қызмет түрлерінің тізбесіне енгізу қаладағы бизнес-ахуалды жақсартуға ықпал етеді және кәсіпкерлерді көлеңкелі нарықтан шығу үшін ынталандырады»,– деп атап өтті Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Бейсен Жолболдиев.

Кеңейтілген тізімге  спорт және демалыс, мәдениет, баспа қызметі, конференциялар мен сауда көрмелерін ұйымдастыру, коммуникациялық жабдықтарды жөндеу сияқты қызмет түрлері де енгізілді.

Бөлшек салықты заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер көрсетілген тізбеден қызметтің бір немесе бірнеше түрі қолданылған жағдайда қолдануға құқылы. Ол мынадай мөлшерлеме бойынша төленеді: жеке тұлғаларға тауар стақан кезде 4% және заңды тұлғалармен мәмілелер үшін 8%. Бұл ретте мәслихаттарға бөлшек салық мөлшерлемесін төмендету құқығы берілген, бірақ жеке тұлғаларға сатылатын қызметтер мен тауарлар үшін төмендету  50%-дан аспайды.
Астанада 2023 жылы мәслихат шешімімен бөлшек салық мөлшерлемесі 3%-ға дейін төмендетілді. Бұл ретте 2024 жылға арналған бөлшек салық мөлшерлемесін төмендету туралы шешімді 2024 жылғы наурыздың соңына дейін қабылдау қажет.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер