«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлер алғаш рет «Атамекен» ҰКП съезінің қарарын қабылдады

2023 жылғы 17 Қараша
8213 просмотров

«Атамекен» ҰКП кезекті XI съезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына қарар қабылданды. Онда көтерілген мәселеге кәсіпкер, Алматы қаласының өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Максим Барышев бастамашылық етті.

 «ҚР мемлекеттік органдарының ҚР Салық заңнамасына кәсіпкерлік субъектілерінің пікірі мен мүддесін ескермей, енгізген өзгерістеріне алаңдаушылық білдіреміз. Заң жобасында ҚҚС мөлшерлемесін көтеруді қоса алғанда, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, дивидендтерге салынатын салықтар, еңбекақыдан бірыңғай төлемді қолданудың тар шеңбері бойынша енгізілген және қолданысқа енгізілуге жоспарланатын нормаларды арттыру бар. Мұның бәрі кәсіпкерлікті дамытуда тежеуші факторлар», – делінген съезд қарарында.

Кәсіпкерлер Үкімет жаңа Салық кодексін әзірлеген кезде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсыныстарын ескере отырып, оның міндетті түрде қаралуына ерекше назар аударуды сұрайды.

Қарарда  XI съезге қатысушылар Қазақстанның экономикалық дамуы үшін салық саясаты мәселелерінің маңызын түсінетіні, сондай-ақ съезд қорытындысы бойынша әзірленген ұсыныстар мен шешімдер кәсіпкерлік ортаны дамытуға, салық жүйесін жақсартуға және елдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал ететініне сенім білдіретіні баяндалған.

 Сонымен қатар, құжатта ҚР Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы, сондай-ақ Мемлекет басшысының «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында атап өтілген билік пен бизнес арасындағы құрылымды диалогтың қажеттілігі назарға алынады.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер