«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» өндірістегі мамандар қатарынан 50 тәлімгер дайындады

2023 жылғы 20 Қазан
- Астана қаласы
5285 просмотров

Елордалық Кәсіпкерлер палатасында кәсіпорындардағы студенттерге өз тәжірибесі мен білімін беруге дайын мамандарға арналған кезекті оқу аяқталды.

Бұл жолы Астана электротехникалық зауыты, Астана ботаникалық бағы, «Magnum Cash&Carry» компаниясы, «Hyndai Premium Astana» ЖШС, «ҚР Президентінің іс басқармасы медициналық орталығының ауруханасы» РМК, «ТжКБ дамыту және біліктілік берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ, сондай-ақ балабақшалардың қызметкерлері, колледждер мен басқа да ұйымдардың мамандары тәлімгерліктің негіздерін игерді. Олардың барлығы іріктеу шарттарына сәйкес тиісті салада кәсіптік білімі және тиісті сала бойынша кәсіптік қызмет саласында кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесі бар.

«Оқу тегін жүргізіледі. Оны «Атамекен» ҚР ҰКП және Германиядағы Трир қаласының Қолөнер палатасымен бірлескен жобасы шеңберінде оқудан өткен тренер-мультипликаторлар жүргізеді. Бұл жолы тәлімгер сертификатын 48 маман алды. Жалпы, 2018 жылдан бастап кәсіпкерлер палатасында энергетика, тамақ өнеркәсібі, сервис, экономика және сауда басқармасы, қоғамдық тамақтану, мектепке дейінгі білім беру және т.б. салаларда еңбек ететін 444 тәлімгер оқытылды», – деді Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Бейсен Жолболдиев.

Айта кету керек, тәлімгерлік мектебі тыңдаушылар тарапынан жақсы бағаға ие.  Олар тренерлердің жоғары дайындығын және алған білімінің өзектілігін атап өтеді.

«Тәлімгерлік бойынша осындай керемет семинар үшін «Атамекенге» рахмет. Енді біз жас мамандарға пайдалы бола аламыз деп үміттенемін, мұндай жобалар көп болса деген тілек бар», – деп атап өтті «Qostanay Alumni» қоғамдық бірлестігінің директоры Әліби Әмірғалиев.

«Urban» колледжінің қонақ үй бизнесі бойынша оқытушысы Гүлсара Тұрбекова бұл пікірді қолдады.

«Біз осындай пайдалы семинардан өттік. Дәріскеріміз Ляззат Жапбарқызына үлкен рахмет айтқым келеді. Психология, педагогика, WorldSkills элементтері, тәлімгерлік бойынша тамаша білім, тәжірибе болды. Өте пайдалы. Мен қатысқаныма қуаныштымын», – деді ол.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер