«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстан бизнесі үшін сын-қатерлер мен мүмкіндіктер Астанада өтетін халықаралық форумда талқыланады

2023 жылғы 25 Мамыр
4091 просмотров

9 маусымда елордада Астана Халықаралық форумы (AIF) алаңында «Қазақстанның бизнесі үшін жаһандағы сын-қатерлер мен жаңа мүмкіндіктер»  панельдік сессиясы өтеді. Панельдік сессияда шетелдік спикерлер, соның ішінде Нобель сыйлығының лауреаты Пан Ги Мунның Жарқын болашақ үшін қоры басқармасының директоры Рае Квон Чун, Түркі сауда-өнеркәсіп палаталары одағының бас хатшысы, Түркия сауда палаталары мен тауар биржалары одағының президенті М.Рифат Хисарджиклиоғлу, БАӘ сауда-өнеркәсіп палаталары федерациясының төрағасы, Абу-Даби сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы (TBC) Абдулла Мұхаммед әл Мазруи және «Glencore» мыс-мырыш департаментінің жаһандық басшысы, «Kazzinc Holdings» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Никола Попович қатысады.

 «Атамекен» ҰКП мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялардың басшылары және кәсіпкерлермен бірлесіп, бизнес үшін жаңа сын-қатерлерді және оның бәсекеге қабілеттілігі мен бейімделгіштігін арттыру жолдарын талқылайды. Сонымен қатар, форумға қатысушылар қаржы институттарының инвестиция тартудағы рөлі және ағымдағы жағдайларда көлік-логистикалық әлеуетті дамыту туралы айтады. Сондай-ақ бизнес үшін цифрлық экожүйені қалыптастырудың өзекті мәселелерін көтереді.

Қазір жкономиканың барлық саласында болып жатқан түбегейлі және қарқынды өзгерістер ынтымақтастық тәсілдерін өзгерту және өзара іс-қимылдың жаңа механимздерді әзірлеуді талап етеді. Кәсіпкерліктің жедел дамуын қамтамасыз ету үшін бизнесті мемлекеттік қолдаудың жаңа жүйесін қалыптастыру уақыттың сын-қатерлерге жауап ретінде болмақ.

Сарапшылардың пікірінше, қаржы институттарының рөлі қаржы ресурстарын жұмылдыру және бөлу, шағын және орта бизнеске қаржыға қолжетімділігін арттыру арқылы өңірлік экономиканың өсуін қамтамасыз етуде жаңа серпін беруді талап етеді. Бизнес-құрылымдардың көпжақты ынтымақтастығын нығайтуға жәрдемдесу – алдағы жылдары барынша синергетикалық әсерге қол жеткізу үшін жаңа байланыс нүктелерін анықтауға мүмкіндік береді.

 Өтетін күні: 2023 жылғы 9 маусым, 13:45 

 Өтетін орны: Астанақ., ЭКСПО конгресс орталығы,  Turkistan залы

 Ұйымдастырушылар: «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Астана» халықаралық қаржы орталығы, «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығы

 Іскерлік серіктес: «Jusan Bank» АҚ, USAID-тың Орта Азиядағы сауда бойынша  бағдарламасы.

  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер