«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астанада орта арнаулы білімі бар мамандар аса қажет

2023 жылғы 11 Сәуір
- Астана қаласы
5831 просмотров

Астана қаласының кәсіпкерлер палатасы жыл сайын елордалық кәсіпорындар мен ұйымдарға маман қажеттілігіне қатысты сауалнама жүргізді. Сауалнама көрсеткендей, орта кәсіптік білімі бар мамандар жоғары оқу орындары түлектеріне қарағанда екі есе көп сұранысқа ие.

Сауалнамаға барлығы 5200 елордалық компания қатысты. Оның ішінде алдағы үш жылда – 2023 жылдан 2025 жылға дейін – 3,5 мыңға жуық кәсіпорын 21 797 маманға мұқтаж екенін мәлімдеді.

Осы кезеңде білікті мамандарға үлкен қажеттілік сауда, орналастыру және тамақтандыру қызметтері, құрылыс және білім беру, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі, денсаулық сақтау, ақпарат және коммуникациялар, көлік және қойма шаруашылығы, мемлекеттік басқару және қорғаныс, өнер, ойын-сауық және демалыс, қаржы және сақтандыру, электр және энергиямен жабдықтау, ауыл шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі, сумен жабдықтау салаларында байқалған.

«Елордада ең бастысы сауда қызметкерлері қажет – компаниялар сатушыға 1391 бос жұмыс орнын жариялаған. Бұл таңқаларлық жайт емес, өйткені қалада сауда саласы жақсы дамыған. Екінші орында маркетологтар – 885 бос жұмыс орны бар, үшінші орында есепшілер – 791 адам. Одан кейін есепші-кассирлер – 662 бос орын. Білім деңгейі бойынша техникалық және кәсіптік білімі (колледж) дипломы бар жұмысшыларға көбірек талап етіледі – 13 мың адам. Қажетті жоғары білімі бар адамдардың саны 2 еседен аз және 5 мың адамды құрайды. Тағы 3,2 мыңға жуық білімі жоқ адам қажет», – деді Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Бейсен Жолболдиев.

2023 жылды бөлек алып қарасақ, қазіргі кезде елордада сауда саласында – 1775 адам, орналастыру және тамақтандыру саласында – 601 адам, құрылыс саласында – 597 адам, білім саласында – 577 адам, өңдеу өнеркәсібінде – 516 адам тапшылығы байқалады.

Барлығы 2023 жылға кадрларға қажеттілік 6 888 адам, 2024 жылға – 7 196 адам, 2025 жылға - 7 713 адамды құрайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер