«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Елорда әкімдігінде кәсіпкерлерге көрнекі ақпаратты дұрыс рәсімдеуге көмектесуге дайын

2022 жылғы 27 Қыркүйек
- Астана қаласы
5639 просмотров

Осы мақсатта елордалық бизнесмендер үшін қазақ тілін оқыту бойынша тегін қарқынды курстар ұйымдастырылды.

Бұл туралы елорда кәсіпкерлерінің «Тіл туралы» Заң талаптарын сақтауына арналған онлайн конференция барысында Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Әйгерім Молдабаева мәлімдеді.

Оның айтуынша, курс бір айға есептелген және 24 академиялық сағаттан тұрады. Қатысу үшін кәсіпкерлер қатысушылар санын көрсете отырып, өтінім беруі қажет. Курстар ұйымның орналасқан жері бойынша өтуі мүмкін.

«2021 жылғы 29 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат және діни қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңды қабылдаудың мақсаты -түпнұсқалықты сақтай отырып, орфография нормаларына сәйкес деректемелер мен көрнекі ақпарат мәтіндерін жазу, «мәтіннің түпнұсқалық аудармасы» ұғымын енгізу. Осы заң шеңберінде Қазақстан Республикасының 16 заңнамалық актілеріне түзетулер енгізілді. Олардың ішінде кәсіпкерлікке қатысты «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Жарнама туралы», «Сауда қызметін реттеу туралы» және «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңдар бар. Бұл түзетулер мемлекеттік тіл мәртебесіне сәйкес көрнекі ақпаратты міндетті түрде пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл ретте олар орыс тілін қолдануды шектемейді», - деп атап өтті Әйгерім Молдабаева.

Ол заңнамалық нормалар мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың деректемелерін және көрнекі ақпаратын жазу тілін (тілдерін) нақтылайтынын айтты. Мемлекеттік емес ұйымдарға, атап айтқанда кәсіпкерлік субъектілеріне бланкілерді, маңдайшаларды тек мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда орыс және (немесе) басқа да тілдерде орналастыруға таңдау құқығы берілді.

Бұл хабарландырулар, жарнама, прейскуранттар, баға белгілері, мәзірлер, көрсеткіштер және басқа да көрнекі ақпарат мемлекеттік тілде міндетті түрде, орыс тілінде және(немесе) басқа тілдерде – қалауы бойынша жазылатынын білдіреді.

Тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы ақпарат тиісінше қазақ және орыс тілдерінде берілуге тиіс.

Мемлекеттік емес ұйымдардың маңдайшаларында пайдаланылатын, Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар белгілері өзгеріссіз жазылады.

«Тіл туралы» Заңның 21-бабына енгізілген түзетулерді ескере отырып, кәсіпкерлерге көрнекі ақпарат саласында жүйелі түрде жұмыс жүргізуге, тауар атауларының, ас мәзірінің дұрыс әрі сапалы аудармасын жасауға кеңес береміз. Сыртқы жарнама мәтіндері мен көрнекі ақпараттың орфографиялық нормаға сәйкес жазылуын келісу мақсатында тегін кеңес алу үшін «Қазақ тілі қоғамына» жүгіне аласыз. Біз сыртқы жарнама мәтіндеріндегі және көрнекі ақпараттағы қателерді түзету және алдын алу бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз», – деп атап өтті Әйгерім Молдабаева.

Мемлекеттік тілді оқыту бойынша тегін курстарға келетін болсақ, қосымша ақпарат алу үшін елорда кәсіпкерлері мына телефондарға хабарласа алады 24-90-52, 8 705 103 2662, 8 778 172 4273.

«2021 жылдың қазан айында қалалық Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен елорданың Кәсіпкерлер палатасы арасында мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, тіл саласындағы заңнама талаптарын түсіндіру және орындау жұмыстарын жандандыру мақсатында екіжақты ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Осы Меморандум аясында біз кәсіпкерлерге Тіл туралы заңнама талаптарының нормаларын түсіндіру, әдістемелік көмек көрсету, жарнама саласындағы өзекті мәселелер бойынша, кәсіпкерлерді мемлекеттік тілге қарқынды оқыту курстарын ұйымдастыру бойынша бірлескен жұмыс жүргіземіз», – деп түсіндірді директордың әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Нұргүл Ахметова.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер