«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Елорда жастарына Конституцияға ұсынылған түзетулер түсіндірілді

2022 жылғы 30 Мамыр
- Астана қаласы
4285 просмотров

Елордадағы 23 колледждің студенттеріне 5 маусымдағы референдумда еліміздің Ата заңы – Конституцияға енгізуге ұсынылған реформалар түсіндірілді.

Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасы астаналық кәсіпорындардың ұжымдары арасында түсіндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. «Атамекен» ҰКП жұмыс бағыттарының бірі – адами капиталды дамыту болғандықтан, жастармен жұмысқа ерекше көңіл бөлінеді.

 «Түсіндіру жұмыстары бойынша екі апта ішінде 23 колледжде кездесу өтті, 2,7 мыңнан аса студент қамтылды. Кәсіпкерлер палатасы дуальды білім беру жүйесін дамыту аясында қала колледждерімен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша дуальді оқыту жүйесіне қаланың 126 кәсіпорнын тарта отырып, 40 мамандық және 58 біліктілік бойынша 22 колледж жұмылдырылды. Колледж, кәсіпорын және білім алушы (әрқайсысымен жеке) арасындағы дуальді оқыту бойынша үшжақты келісімшарттар тізілімге енгізіліп және тізілім бойынша жеке нөмір ала отырып, Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасында тіркелген. Біз жастардың референдумға белсенді қатысатынына сенімдіміз, өйткені олар жаңа Қазақстанда өмір сүріп, мықты мемлекет қалыптастыруы тиіс», – деді конституциялық реформаларды түсіндіру мәселелері жөніндегі республикалық штаб мүшесі, Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Бейсен Жолболдиев.

Түсіндірме жұмыстары жүргізілген колледждер қатарында Қазтұтынуодағы жоғары сауда-экономикалық колледжі, Менеджмент, бизнес және білім колледжі, КазГЮУ гуманитарлық-заң колледжі, Еуразия гуманитарлық институты колледжі, Қазақстан Швейцария-Америка туризм және қонақ үй ісі колледжі, М. Тынышпаев  атындағы «Қазақ көлік және коммуникация академиясы» АҚ Ақмола колледжі, Медициналық-техникалық колледж және тағы басқа оқу орындары бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер