«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Елордалық кәсіпкерлер алдағы реформаларға үміт артады

2022 жылғы 30 Мамыр
- Астана қаласы
5476 просмотров

Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасы Конституцияға ұсынылған өзгерістерге қатысты өткізетін түсіндіру жұмыстарына  8,5 мыңнан астам адам қатысты.

Кездесулер елорда кәсіпорындарының 36 ұжымында өтті, оның ішінде жеңіл өнеркәсіп, сауда саласы, мейрамхана-қонақ үй, құрылыс бизнесі, театрлар, сауда және ойын-сауық орталықтары, фитнес және компьютерлік клубтар, боулингтер, базарлар, үй жанындағы дүкендер қызметкерлері, іскер әйелдер қауымдастығы, қоғамдық тамақтану қауымдастығы және қазақстандық үздіксіз білім беру қауымдастығының мүшелері бар.

 «Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасы жанындағы Өңірлік кеңес мүшелері түсіндіру жұмыстарына белсенді қатысып жатыр. Әр мүшеге алдағы реформалардың ел үшін маңызын түсіндіруге баратын кәсіпорындар бекітілген. Елордалық кәсіпкерлер жоғары қызығушылық танытып, ұсынылған реформалардың маңызын атап өтуде. Оларды Президенттің бастамалары мүдделі салалардың өкілдерін заңдарды қабылдауға тартуға бағытталғаны ынталандырып отыр», – деді конституциялық реформаларды түсіндіру мәселелері жөніндегі республикалық штаб мүшесі, Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Бейсен Жолболдиев.

 Түсіндіру жұмыстарынан бөлек Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің түйткілді мәселелері туралы мәліметтерді жинайды. Өз проблемалары жайында кәсіпкерлер кездесулер барысында айтады. Олардың қатарында отандық тауарлар үшін өткізу нарықтарын кеңейту, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шараларын ұлғайту, айналым қаражатының жетіспеушілігі, кадр мәселелері бар.

Еске салсақ, елордалық кәсіпкерлер палатасы қала кәсіпкерлері арасында ұсынылған өзгерістер туралы түсіндіру жұмыстарын 16 мамырдан бастап жүргізіп келеді. Алдағы уақытта астаналық компаниялардың еңбек ұжымдарымен бірқатар кездесу жоспарланған.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер