«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тегiн автотұрақ болмаса, елордалық бизнес құлайды

2022 жылғы 26 Сәуір
- Астана қаласы
8035 просмотров

Елордалық жалға берушілер мен бизнес-орталықтардың жалға алушылары ақылы тұрақ орындарының көбеюі құрылыс нормалары мен ережелерін бұзып қана қоймай, бірқатар шағын және орта бизнес субъектілерінің жабылуына қауіп төндіреді дейді.

Нұр-Сұлтан қаласы rәсіпкерлер палатасының алаңында ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі департаментінің кедергілер жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті. Оның барысында Қазақстанның басқарушы және сервистік компаниялар қауымдастығының елордада ақылы автотұрақтардың ұлғаюына қатысты өтініші қаралды.

«Әкімдіктің қаулысына сәйкес ақылы тұрақ орындарының саны 24-тен 536-ға дейін өсті, бұл 10 мыңға жуық тұрақ орны. Сонымен қатар, бұл пулға бастапқыда ойлағандай, иесіз, жол бойындағы автотұрақтар емес, бұрын ғимарат иелері жалға алған автотұрақтар кірді. Қала оларды жеке меншікке сатып алуға мүмкіндік бермейді, өйткені олардың астында әдетте инженерлік желілер және т.б. өтеді. Бұл тұрақтар осы пулға алынды. Біз қорытынды бердік, «Атамекенге» жаздық, осы сәтті пысықтадық. Бірақ бұл қаулы көпшілік тыңдаудан өтті және, айталық, енгізілді. Бұл мәселені қазір көтеріп жатырмыз», – деді отырыста сөз сөйлеген Қазақстанның басқарушы және сервистік компаниялар қауымдастығының төрағасы Қайрат Көкенов.

Мысал ретінде кәсіпкер

«Санкт-Петербург» бизнес-орталығын келтірді, онда сыртқы тұрақтың барлық аумағы жалға берілген болатын, алайда жалға беру мерзімі аяқталғаннан кейін оны ұзартудан әкімдік бас тартты, өйткені «бұл жер қазірдің өзінде басқаруға берілді».

«Белгілі болғандай, алдағы уақытта әкімдік бұл жерді Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына, яғни өзінің басқармасына, ал ол МЖӘ-нің басқаруына берді. Бұл басқарманың басшысы бізге бұл жалға беру емес, бұл басқарма деп жауап берді, бірақ іс жүзінде Нұр-Сұлтан нарығында монополист құрылуда, ол жолдар жанындағы иесіз тұрақтарды басқарып қана қоймай, ғимараттар мен құрылыстардың жанындағы барлық тұрақ орындарын да қамтитын болады», – деп мәлімдеді Қайрат Көкенов.

Ол мұндай тәжірибе құрылыс нормалары мен ережелерін (ҚНжЕ) бұзатынын атап өтті, өйткені оларға сәйкес ғимарат тұрақсыз пайдаланыла алмайды. Сонымен қатар, ақылы тұрақ орындарының көбеюі жол бойында стихиялық тұрақ құруға әкелуі мүмкін.

«Қауымдастық мүшелері талап-арыз жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ғимараттардың айналасында ақылы тұрақ орындарын құру объектілердің тартымдылығын төмендетеді, өйткені тұрақтарсыз бірде бір объект клиенттерге қызығушылық танытпайды. Автотұрақсыз бизнес құлайды», – деді Қайрат Көкенов.

Кедергілер жөніндегі кеңес мүшелері көтерілген мәселенің өзектілігін атап өтті.

«Иә, шынында да, нарықты монополияландыру қаупі төніп тұр. Мәселені республикалық кедергілер Картасына енгізу үшін егжей-тегжейлі зерделеуді ұсынамын», – деді кедергілер жөніндегі кеңестің төрағасы, Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Бейсен Жолболдиев.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер