«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Елордада біліктілік орталығы ашылды

2022 жылғы 14 Ақпан
- Астана қаласы
4337 просмотров

Елордада техникалық және кәсіптік білім беру саласында дуальді білім беру мақсатында кезекті біліктілік орталығы ашылды.

«Landscape Garden» біліктілік орталығы техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту, колледждердің материалдық базасын жаңарту және білікті мамандарды дайындаудың халықаралық тәжірибесін енгізуге бағытталған «Жас маман» жобасы аясында астанадағы сервис және туризм колледжі базасында құрылды.

Біліктілік орталығының ашылу салтанатына елорда әкімдігі мен білім басқармасының өкілдері, Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасы, әлеуметтік серіктес кәсіпорындар, қала колледждерінің директорлары, колледждің педагогикалық құрамы мен студенттер қатысты.

 Ашылу салтанатының барысында «3D», «Жабдық», «Флористика», «Ландшафтық дизайн» зертханалары, нақты өндірістік процеске барынша жақындатылған заманауи, инновациялық жабдықпен жарақталған «Компьютерлік технологиялар» сыныбының жұмысы таныстырылды. Әлеуметтік серіктес, «Оазис Астана» флористика шеберханасының директоры студенттермен бірлесіп «композиция құру» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.

 «Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласының дуальді білім беру жүйесіне 31 мамандық және 48 біліктілік бойынша  21 колледж бен 126 кәсіпорын жұмылдырылған. 2021 жылы дуальді білім беру бойынша 934 адам оқып шықты. Сервис және туризм колледжінде дуальді білім берумен 230 адам білім алып жатыр. Бағдарламаның «Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсетуді ұйымдастыру» мамандығы бойынша әлеуметтік серіктестері қатарында «А-Servis Management» ЖШС, «Зейд» мәдениет үйі, «Орион» қонақ үйі; «Туризм» мамандығы бойынша – «Алина Тур» ЖШС, «Гермес-Тур-Астана» ЖШС, «Арман-тур» МТА ЖК; «Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс» мамандығы бойынша – «Астана-Зеленстрой» ЖШС; «Тамақтануды ұйымдастыру» мамандығы бойынша – «Румакс» ЖК бар», – деді Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Алмат Жүнісов

 Біліктілік орталығы студенттерге өндірістік ортаға барынша тез бейімделу, өндіріске барып, практикалық сабақтар өткізуге мүмкіндік береді. Еске салсақ,  дуальді оқыту 40% теориядан, 60% практикадан тұрады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер