«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ ОРТА БІЛІМ-2021: 40 мың теңгеге не сатып алуға болады?

2021 жылғы 18 Тамыз
- Астана қаласы
6922 просмотров

Нұр-Сұлтан қаласында «Жалпыға бірдей орта білім-2021» акциясына қатысып жатқан кәсіпкерлерден тауардың 20-дан астам атауын сатып алуға болады. Акция шеңберінде елорда әкімдігі жекелеген санаттағы балаларды мектепке дайындауда материалдық көмек көрсетеді.

 Акцияны елорда әкімдігі Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасының қатысуымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырып келеді.

Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Алмат Жүнісовтың айтуынша, акцияға балалар киімі мен аяқ киімін өндіретін 18 отандық компания қатысып жатыр.  Биыл әр оқушыға 40 тың теңге бөлінген.

Қала бойынша 30 сауда нүктесі жұмыс істейді, онда ата-аналар ұл-қыздарға арналған пиджак, костюм, шалбар, белдемше, жейде, блузка, жакет, кеудеше, трикотаж кофта, жемпір, кеудешелер, бомбер, сарафан, спорттық костюм ала алады.

  Аяқ киімнен отандық өндірушілер былғарыдан тігілген туфли немесе күздік бәтеңке, спорттық аяқ киім, тіпті қыстық етік ұсынған. Акция аясында сондай-ақ рюкзак, сөмкелер, іш киім, колготки, галстук, шұлық, түрлі эмблемаларды сатып алуға болады.

  Өндірушілер берген ақпаратқа сәйкес ұл балаға арналған топтаманы (пиджак немесе костюм, шалбар, жейде) орта есеппен 16500–23500 теңгеге алуға болады. Шалбарды бөлек 5500-8000 теңгеге, ең қымбатын – 13800 теңге аулаға болады. Жейденің орташа бағасы –4000-8000 теңге, ең қымбаты – 13 000 теңге; кеудеше – 4000–7490 тенге; трикотаж кофта – 4000–7490 тенге болса, трикотаж жемпір немесе кеудеше орта есеппен 3000-6000 теңгеге, ең қамбаты – 12000 теңгеге саудалануда.

 Жекелеген тауар өндірушілер акция қатысушыларына жеңілдіктер ұсынады.

 Қыз балаға арналған (пиджак немесе кофта, белдемше, блузка) топтамаға  16500–21970 теңге жұмсалады, кеудеше мен белдемше 9500–13800 теңге, пиджак немесе кеудеше – 7500–15800 теңге, шалбар – 5300–12000 теңге, белдемше – 4300–8000 теңге, максималды баға – 10000 теңге, блузка немесе жейде – 4000-8000 теңге, сарафан – 7500–13800 теңге, трикотаж кофта – 5200–8490 теңге тұрады.

Ұл-қызға арналған спорт костюмін 9500–19900 теңге аралығында сатып алуға болады, былғары туфли 10 500 теңге, күзгі былғары бәтеңке – 11500 теңге, қыстық етік – 16500 теңге, спорт аяқ киімі – 6000-14500 теңге.

  Палата директоры Алмат Жүнісовтың хабарлауынша, биыл акция аясында 600 млн теңге бөлінген. Бұл қаржы 15 мың баланы мектепке дайындауға жоспарланған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер